«Зағип жандардың ішкі рухы мықты болса, ол жақындарын сезуге, ішкі жылылықпен қабылдауға көмектеседі. Тағдырдың басқа салған сынына қарамастан көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңізден жылылық таймасын», – деді «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев.
Іс-шараға қалалық «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Астана қаласының «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерғали Бұхаровтың айтуынша, қазіргі күнде 1-2 топтағы көзі көрмейтін мүгедектер есебінде 488 адам тұр.
Мерекелік іс-шара Астана қаласының Достық үйінде өтті.