29 Ақпан, 2012

Қарусыздану – халықаралық қауіпсіздіктің басты тетігі

1197 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қарусыздану – халықаралық қауіпсіздіктің басты тетігі

Сәрсенбі, 29 ақпан 2012 7:57

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Женевада өткен Қарусыздану жөніндегі конференцияның пленарлық сессиясында сөз сөйледі

2011 жыл қарусыздану мен таратпаудың жа­һандық үдерісіне сезінерліктей үлес қосты. Алай­да үміттендіретін үрдістер жағдайында соң­ғы 16 жылда Қарусыздану жөніндегі конфе­рен­ция­ның субстантивті жұмысының жоқтығы алаң­датады. Осы беделді форум қарусыздану үде­рісінің көш басында жүруге тиіс деп есептейміз.

 

Сәрсенбі, 29 ақпан 2012 7:57

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Женевада өткен Қарусыздану жөніндегі конференцияның пленарлық сессиясында сөз сөйледі

2011 жыл қарусыздану мен таратпаудың жа­һандық үдерісіне сезінерліктей үлес қосты. Алай­да үміттендіретін үрдістер жағдайында соң­ғы 16 жылда Қарусыздану жөніндегі конфе­рен­ция­ның субстантивті жұмысының жоқтығы алаң­датады. Осы беделді форум қарусыздану үде­рісінің көш басында жүруге тиіс деп есептейміз.

Біз Қарусыздану жөніндегі конференцияны халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың бас­ты тетіктерін талқылаудың жалғыз және баламасыз көпжақты алаңы ретінде қарастыра­ты­нымызды қуаттағым келеді. Аталған фо­рум­ның жоғары әлеуеті барына және оның қа­русыздану үдерісіне маңызды үлес қосаты­нына сенімдімін.

Біз Конференция жұмысын тиісті саяси жағдайдың құрылуына дейін тоқтатумен ке­ліс­пейміз. Қарусыздану жөніндегі конференция осыдан да күрделі халықаралық саяси жағ­дайда құрылып, сәтті қызмет атқарғанын айта кеткім келеді.

Конференцияның субстантивті жұмысын бастау үшін тек қана саяси ерік қажет екеніне нық сенеміз. Қазақстан Конференцияның қа­ты­сушы мемлекеттері алауыздықтарын еңсе­ріп, күн тәртібінің жұмысына кіріседі деген үмітте. Біз құрметті Конференция Бас хатшы­сы­ның Қарусыздану жөніндегі конферен­ция­ның жұмысын жандандыру, сонымен қатар, қалыптасқан тығырықтан шығу жолын іздеу мақсатындағы Көрнекті қайраткерлер тобын құру үшін жоғары деңгейдегі арнайы кездесу ұйымдастыру ұсынысын қолдаймыз.

Осыған қоса, рәсімдердің өзгеруі мен Қа­ру­сыздану жөніндегі конференцияның жүйе­лік реформалары – бұл панацея емес деп санаймыз. Біз мәселе басқа арнада жатыр деп есептейтін делегациялар көзқарасына ортақ­тасамыз.

Конференция жұмысындағы ілгерілеудің жоқ­тығы жалпы жаһандық қарусыздану үде­рісіндегі жағдайдың бейнесі болып табылады. Мемлекеттер ұлттық және жаһандық қауіп­сіз­дікті қам­тамасыз ету мәселелерінде өздерінің жолдарын ұста­на­ды және қай­шы­лықтар се­бептерін Қарусыздану жө­ніндегі конференция жұмысының регламентінде іздеу қажеттілігі жоқ. Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберінде қабылданған консенсус қағидасы әділетті және барлық қатысушылардың мүд­де­лерін ескеретін үйлестірілген құжаттар жа­сауға мүмкіндік береді.

Сонымен, консенсус қағидасын Конференция жұ­мы­сын блоктау үшін пайдаланған өрескел деп есеп­тейміз. Ұлттық мүдделерді конструктивті талқылау мен өзара тиімді шешімдерді іздеу барысында қорғау қажет деген түсінікке негізделеміз. Қарусыздану ба­ғытындағы жедел нақты қадамдарды қабылдау біздің ортақ мүддемізге сай келеді.

Сонымен қатар, жеке мәселелерді Конференция­ның шеңберінен тыс шығаруды жөнсіз деп есеп­те­мейміз. Мемлекеттердің қарусыздануы жағынан басты мемлекеттердің қатысуынсыз баламалы талқылау алаңдарын құру, қабылданған құжаттардың әмбебап және тиімді жұмыс істемеуіне алып келеді.

Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференция­ның жұмысында келесі төрт маңызды мәселені тең шамада басымды деп санайды: ядролық қарусыздану, Ыдыратқыш материалдар өндірісіне тыйым салу туралы шартқа қол қою, қауіпсіздіктің жағымсыз кепіл­дік­терін беру және ғарышта жанталаса қарулануды болдырмау. Олардың әрқайсысы маңызды және ұжымдық шешімді қажет етеді. Және біз олар бойынша жұ­мыс­ты бір мезгілдік және шұғыл бастауды қолдаймыз.

Бүгін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт (ЯҚТШ) іргетасы болып табылатын жаһандық қару­сыз­дану үдерісіндегі стагнацияны еңсеру аса ма­ңызды. Біз ЯҚТШ шеңберінен тыс қызмет ететін немесе Шарттан шығу алдында тұрған мемлекеттерге қар­сы әрекет етудің нақты тетіктерін жасауымыз қажет деп есептейміз. Оның мүшелерімен үш іргелі жасау­шының – қарусызданудың, таратпаудың және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың – тұ­тастығында көрініс тапқан міндеттемелерін шартсыз орындауына қол жеткізу қажет.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы барысында ядролық державаларға қазіргі кездегі болмысты ескере отырып алға тартылған ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы бірқатар ұсынысымен шыққан.

Қазақстан басшысы БҰҰ аясында барлық мем­ле­кет­тердің ядросыз әлем идеалдарына біртіндеп ілге­рі­леу бойынша Ядросыз әлемнің жалпы декларациясын қабылдау туралы мәселені талқылауды бастауды ұсынды. Бұл Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны қабылдау бағытындағы алғашқы маңызды қадам болар еді.

Кейбір аса ықпалды мемлекеттердің осы уақытқа дейін Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа (ЯСЖТСШ) қол қою мен оны ратификациялаудан қалыс қалуы өкініш туындатады. Істің осындай жағдайы теориялық тұрғыдан ядролық дер­жаваларға ядролық қаруды сынауды жалғастыруға, ал оны шығару алдында тұрған мемлекеттерге өздерінің ракеталық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыс­ты жазасыз жалғастыруға тыйым салмайды.

Біз АҚШ Әкімшілігінің аталған Шартты АҚШ Сенатында ратификациялау ниетін қолдаймыз және осы үдеріс тым ұзаққа созылмайды деген үміттеміз. Осы ма­ңызды халықаралық құжатты ратификацияламаған бар­лық мемлекеттерді осы үдерісті шапшаңдатуға шақырамыз.

Қазақстан бастамасына сәйкес БҰҰ Бас Ассам­блея­сы 2009 жылғы желтоқсанда қабылдаған 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың ха­лықаралық күні деп жариялау туралы қарар ЯСЖТСШ мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.

2011 жылы Қазақстанның қатысуымен анти­ядро­лық бағыттағы бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізілді. Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне және Семей полигонының жабы­луы­ның 20 жылдығына орай, былтырғы жылғы қазан­да Астана мен Семей қалаларында ұйымдастырылған Ядросыз әлем форумын ерекше айта кеткім келеді.

Аймақ бойынша көршілерімен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрған мемлекет ретінде Қазақстан ядролық державалармен ядролық қаруға ие емес мемлекеттерге қауіпсіздік кепілдіктерін беру бойынша халықаралық заңдық кепілдік міндеттейтін құжатты жасауға шақырады. Сонымен қатар, аймақ мемлекеттерінің Семей шартының институттану үде­рі­сін аяқтауға еріктілігін және аймақ қатысушыларына жағымсыз кепілдіктер туралы хаттамаға қол қою мақ­сатында «үлкен ядролық бестік» мемлекеттерімен конструктивті сұхбат бастауға дайындығын айта кеткім келеді.

ИЫҰ СІМК Астана декларациясында Ұйымға мүше мемлекеттер ядролық қарусыздану мен таратпаудың барлық аспектілеріндегі прогресс халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін негіз болып табылатынына сене отырып, 2012 жылғы Конференция идеясын қолдаған-тын. Астаналық ИЫҰ СІМК-нің жеке қарары Таяу Шығыста ядросыз аймақ құруға арналған. 2012 жылғы Конференцияны шақыруға жәрдемдесу Қазақстанның 2011-2012 жылы Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде (ИЫҰ СІМК) төрағалығының басымдықтар қатарына кіреді.

Бейбіт атомға тең қолжетімділік қағидасын ұстана отырып, Қазақстан былтырғы жылғы шілдеде өзінің аумағында МАГАТЭ-нің Халықаралық төмен байытылған уран банкін орналастыруға өтінішін жолдаған. Біз МАГАТЭ аясында төмен байытылған уранның қосымша резервтерін құру, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа әрбір мүше мемлекеттің МАГАТЭ-нің талаптарын толықтай орындау жағдайында бейбіт ядролық әрекеттерін дамыту үшін ядролық отынға кепілдендірілген қолжетімділігін құратындығына сенімдіміз.