01 Наурыз, 2012

Хакерлер белсенділері ұсталды

243 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Хакерлер белсенділері ұсталды

Бейсенбі, 1 наурыз 2012 7:25

Аргентинаның, Чилидің, Колумбияның және Ис­пания­ның полицейлері кеше Anonymous хакерлер то­бының 25 белсендісін тұтқындады. BBC News сай­тының хабарлауынша, тұтқындалғандардан 250-ден астам тораптық және мобильді жабдықтар алынған.

Испания ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне қара­ғанда, осы елдің полицейлері Мадрид пен Малага қалала­рында топтың төрт мүшесін ұстаған. Олардың бірі Anonymous хакерлік тобының Испания мен Латын Америка­сындағы үйлестірушісі болған. Ал барлық операция Интерпол арқылы жүзеге асырылған. Хакерлер Колумбия мен Чили үкіметтерінің интернет ресурстарына кибершабуылдар жасаумен айналысқан көрінеді. Олар сондай-ақ, Колумбия президенті мен қорғаныс министрлігінің сайттарын да істен шығарған.

 

Бейсенбі, 1 наурыз 2012 7:25

Аргентинаның, Чилидің, Колумбияның және Ис­пания­ның полицейлері кеше Anonymous хакерлер то­бының 25 белсендісін тұтқындады. BBC News сай­тының хабарлауынша, тұтқындалғандардан 250-ден астам тораптық және мобильді жабдықтар алынған.

Испания ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне қара­ғанда, осы елдің полицейлері Мадрид пен Малага қалала­рында топтың төрт мүшесін ұстаған. Олардың бірі Anonymous хакерлік тобының Испания мен Латын Америка­сындағы үйлестірушісі болған. Ал барлық операция Интерпол арқылы жүзеге асырылған. Хакерлер Колумбия мен Чили үкіметтерінің интернет ресурстарына кибершабуылдар жасаумен айналысқан көрінеді. Олар сондай-ақ, Колумбия президенті мен қорғаныс министрлігінің сайттарын да істен шығарған.

ЭКС-ПРЕМЬЕР КЕШІРІМ СҰРАМАЙДЫ

Осыдан бірнеше күн бұрын Украина пре­зиденті Виктор Янукович елдің экс-премьері Юлия Тимошенкоға егер ол ке­ші­рім сұраса, рақымшылық жасалуы мүмкін деген мағынада мәлімдеме жасаған еді.

Тимошенконың жауабы өте қатқыл болды. «Батькивщина» партиясы сайты­ның жазуынша, экс-премьер президентке ондай өтінішті ешқашан жасамайтынын мәлімдеген. Бұған қоса ол өзін кінәлі деп есепте­мейтіндігін, сондықтан да кешірім сұра­майтындығын айт­қан. Тимошенко сондай-ақ өзіне қатысты қозғалған қыл­мыстық істердің барлығы ел президенті В.Януковичтің тіке­лей тапсырмасымен жасалды деп мәлім­деген. «Януковичтің мені «сындыруға» мүмкіндігі жоқ» деген екен экс-премьер.

ПРЕЗИДЕНТКЕ ТАҒЫ ДА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Венесуэла президенті Уго Чавеске қатерлі ісікті алып тастау үшін тағы да операция жасалды. Рейтер агент­тігінің таратқан ақпараттары бойынша, оған операция 28 ақпан күні Кубада жасалған.

Венесуэла оппозицияларының мәліметтеріне қарағанда, 57 жастағы Уго Чавеске Гавана қаласындағы «Симек» клиникасында операция жасалған көрінеді. Операция 1,5 сағатқа созылған, президенттің денсаулығы жөнінде нақты ақпарат жоқ. Айта кетейік, осы жылдың 7 қарашасында Венесуэлада президенттік сайлау өтеді. Президент бұл саяси бәсекеге кандидат ретінде қатысатындығын білдірген болатын.

ТЕРРОРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Үндістанның Нью-Дели қалалық полициясы ауқымды операциялар жүргі­зудің нәтижесінде ел астанасында жос­парланған бірқатар террорлық әрекет­тердің алдын алды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәлімет­те­рінше, құқық қорғау қызметкерлері «Лашкар-и-Тайба» ат­ты терроршыл ұйымның екі содырын тұтқындаған.

Тергеушілердің пайымдауынша, тұтқынға алынған бұл екі содыр ел астанасындағы өмірлік маңызы бар нысандарға шабуыл жасап, бірқатар танымал тұлғаларға қастандық ұйымдастырмақ болған. Полиция мұндай ақпаратты барлау қызметкерлері арқылы білген көрінеді. Аталған терроршы ұйым елдің солтүстігіндегі Джамма және Кашмир штаттарында орналасқан.

131 АВИАРЕЙСТІ АУЫСТЫРУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ

Испандық «Иберия» авиакомпаниясы ұшқыштардың ереуілге шығуына байланысты кешегі күнге жоспарланған 131 рейсті ауыстыруға мәжбүр болды. Олардың ішін­де Лима, Мехико, Сан-Паулу және Буэнос-Айрес бағытына қатынайтын рейстер де бар.

Авиакомпания басшыларының айтуынша, ауыстырылған бұл рейстермен ұшуға тиіс жолаушыларға өтемақы төленеді немесе олардың өзге авиакомпаниялардың қызметін пайдалануларына мүмкіндік қарастырылған. Осы авиакомпа­ния­ның қызметкерлері өткен жылдың желтоқсанында және үстіміздегі жылдың қаңтарында бірнеше рет ереуілге шық­қан болатын. Талаптары – қызметкерлердің еңбекақысын көтеру.

ПОЛИЦИЯ КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПКЕ КӨШІРІЛДІ

Мәскеу қаласының полициясы прези­денттік сайлауға байланысты 1 наурыздан бастап күшейтілген режімде қызмет ететін болады. Бұл туралы қоғамдық тәртіпті қорғау басқарма­сының бастығы В.Козлов мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, сайлауға байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 36,5 мың адам тартылып отыр. Олардың 16 мыңнан астамы полицейлер, 14 мыңға жуығы халық жасақшылары, 2,2 мыңы МАИ қызметкерлері. ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпараттары бойынша, полиция арнайы есепте тұратын азаматтардың пәтерлерін, басқа да күдікті орын-жайларды тексеріп жатқан сияқты. Күшейтілген режім Ресейдің басқа қалаларында да енгізіліп отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

Иемендік ереуілшілер АҚШ-тың осы мемлекеттегі елшісін елден кетіруді талап етті. Олардың пікірінше, АҚШ елшісі Иемен­нің ішкі ісіне араласуда.

Тунис қажет болған жағдайда Сирияның президенті Башар Асадқа және оның жақындарына саяси баспана беруге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Ресейдің Химки маңындағы қоймаға қарақшылық шабуыл жасағандардың кімдер екендігі анықталды. Олардың екеуі – Дағыс­танның, біреуі Түркіменстанның азаматтары екен.

Абхазия халық жиналысы сайлауына танылған және танылмаған оншақты елден 25-тен астам байқаушыны ша­қыр­ды. Арасында Оңтүстік Осетия мен Таулы Қарабақ бар.

Грузия президенті Михаил Саакашвили өзінің биылғы жолдауында Ресеймен визалық режімді белгілі тәртіппен ауыстыруды ұсынған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.