12 Наурыз, 2012

Зілзала құрбандарын еске алды

254 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Зілзала құрбандарын еске алды

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 8:16

Кеше дүние жүзін  дүр сілкіндірген Жапониядағы зіл­зала туындатқан цунами апатына бір жыл толды. Цунами салдарынан қаза тапқандар бір минөт үнсіздікпен еске түсірілді.

Цунами құрбандары 19 мың адамды құраса, «Фукусима-1» атом электр стансасындағы апаттан кейін 160 мың­дай адам өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған еді. Қаралы шаралар бүкіл ел бойынша ұйымдастырылды. Токио­дағы Ұлттық театрда премьер-министр Есихико Нода мен император Акихито үнсіз дұға оқыды.

 

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 8:16

Кеше дүние жүзін  дүр сілкіндірген Жапониядағы зіл­зала туындатқан цунами апатына бір жыл толды. Цунами салдарынан қаза тапқандар бір минөт үнсіздікпен еске түсірілді.

Цунами құрбандары 19 мың адамды құраса, «Фукусима-1» атом электр стансасындағы апаттан кейін 160 мың­дай адам өз үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған еді. Қаралы шаралар бүкіл ел бойынша ұйымдастырылды. Токио­дағы Ұлттық театрда премьер-министр Есихико Нода мен император Акихито үнсіз дұға оқыды.

Газа секторына соққы жасады

Израиль әскери-әуе күштері жек­сен­біге қараған түні Газа секторына жаңадан соққы жасады. Палестина медицина қызметтерінің дерек көздері арнайы операция салдарынан бір адам қаза тапса, үшеуі шабуыл кезінде көз жұмғанын айтып отыр.

Жаңа бомбалауларды қоса алғанда, 7 наурызда бастал­ған әуе шабуылы салдарынан қаза тапқан палестиналық­тардың жалпы саны 16 адамға жеткен. Ал Палестина тарапы соңғы тәуліктерде Израильге жүз шақты түрлі зымырандар жіберген. Бірнеше адам жарақаттаныпты. Израиль аумағын атқылау 7 наурызда Израиль ұшақтары Газа секторына әуеден соққы бергеннен кейін басталған болатын.

 

Еуроодақтағы елшілерін кері шақырады

Сирия бірқатар ЕО елдеріндегі елшілерін кері шақырып алады. Бұл туралы «Reuters» агенттігі хабарлады. Дамаск мұндай қадамға Еуропа елдері президент Башар Асадтың қатаң іс-әрекетіне жауап ретінде Сирия елшілерін өз елде­рінен шығарып жібереді деп қауіптенгендіктен барып отыр, дейді агенттік.

Аталған агенттіктегі дерек көзінің айтуынша, Сирияның ЕО-ның бірқатар елдеріндегі елшілері отандарына оралуға дайындалып жатыр. Ал әңгіме қай елдер туралы екені нақтыланбайды. Мәселен, Дамаскімен дипломатиялық қа­рым-қатынас деңгейін төмендету жөнінде Франция ұсыныс білдірген еді. Алайда, бұған байланысты Еуропа елдері әзірше келісімге келе қойған жоқ.

Обама Путинді жеңісімен құттықтады

9 наурыз, жұма күні АҚШ прези­денті Барак Обама Владимир Путинді Ресейде өткен президенттік сай­лау­дағы жеңісімен құттықтады. Телефон құлағындағы әңгіме шамамен жиырма минөтке созылса, ол «бейресми» сипатта өрбіген.

Ресей премьер-министрінің халықаралық істер жөнін­дегі  көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, АҚШ пре­зиденті Путинге «Ресейдің сайланған президентімен тығыз жұмыс істеуге» дайын екенін білдірген. Путин өз кезегінде Обамаға оның сайлауалды науқанына табыс тілеген. Сұхбаттастар сондай-ақ РФ – АҚШ саммитін өткізу, т.б. мәселелерді талқылаған.

Бакиевтің бауыры колониядан қашты

Қырғызстанда тағынан тайдырылған президент Құрманбек Бакиевтің бауыры – Ахмат Бакиевтің коло­ния-қоныстан қашуына байланысты қылмыстық іс қоз­ғалды. А.Бакиев түрлі қылмыстар жасады деп айыпталып, колония-қонысқа жіберілген болатын.

Қылмыстық іс «Бостандығынан айырылған жерден немесе күзеттен қашу» бабы бойынша қозғалды. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты өз міндетіне  салдыр-салақ қарау бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалып отыр. Қ.Бакиевтің билігі кезінде оның інісі А.Бакиев Жалалабад облысының «көлеңкелі губернаторы» есептеліп келген еді. Нақтысында ол жергілікті кеңестің депутаты ғана болатын.

Бейбіт тұрғындарға қару қолданды

Ауғанстанның оңтүстігінде қыз­метін өтеп жүрген америкалық солдат бейбіт тұрғындарға қарата оқ ат­қан. Қандағар провинциясы губер­нато­рының сөзіне қарағанда, оқиға болған жерде 16 адам қаза тапқан.

Оқиға солдат қызметін өтеп жүрген әскери базадан тыс жерде орын алған. Америкалықтың не себепті қару қолданғаны әзірше беймәлім. ВВС News-тің деректерінше, әскери жүйкесі сыр бергеннен кейін қаруға жүгінуі ықти­мал. Базаға оралған соң солдат қамауға алынған. Ауғанс­тандағы қауіпсіздікке ықпал ету жөніндегі халық­аралық күштердің баспасөз қызметі қаза тапқан­дардың отбасына көңіл айтқан.

Қысқа қайырып айтқанда:

Грекия қаржы министрі Эвангелос Венизелос зей­нет­кердің шабуылына ұшырады. Жергілікті ардагер оған қағаз қорапқа салын­ған йогурт лақтырған. Ми­нистрді шабуылдаған зейнет­кердің кім екені нақтыланбайды.

Украинаның бұрынғы үкімет басшысы Юлия Тимо­шенконың өкілеттілігін асыра пайдаланды деп жеті жылға бас бостан­дығынан айырылғаны белгілі. Енді ол режімдік талаптарды сақ­таудан бас тартып отыр екен. Мысалы, ол түрме киімін киюден ат-тонын ала қашқан.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жала және тіл тигізу туралы баптарды қылмыстық кодекстен әкімшілік кодекске ауыс­тыру туралы ұсыныс түсірді. Қазіргі кезде кінәлі деп табылған адам ҚК-нің аталған баптары бойынша айып төлейді, түзеу жұмыстарына барады немесе екі жылға дейін сотталады.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.