Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Жемқорларға аяушылық болмайды

1021 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде мемлекеттік органдар өз арасында сыбайлас жемқорлықтың көзін жою мақсатында ашық жұмыстар атқарып жатыр. 

Жемқорларға аяушылық болмайды

Оған нақты мысалдар да жоқ емес. Соның бірі ретінде айтар болсақ, Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл агент­тігі өз ара­сында ондай жұмысты 2017 жылы-ақ бастап кеткен еді. Со­дан бері, мәселен, 2018 жы­лы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жа­заға 7 адам тартылған. Оның 5-еуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері болса, 1-еуі Қарағанды облысы бо­йынша мемлекеттік қызмет де­партаментінің қызметкері жә­не 1-еуі Мемлекеттік бас­қа­ру академиясынан болып отыр. Оны аз десеңіз, қазіргі күні тағы да 7 қыз­меткердің үстінен сотқа дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз күшімен атқарылуда.

Маңғыстау облысы бойынша ұлттық бюро департаментінің ерекше істер жөніндегі А. атты қызметкері кәсіпкерден 1 млн теңгені сотқа дейінгі тексерісті тоқтатқаны үшін алып жатқан жерінен ішкі қауіпсіздік қызметі күшімен ұсталды. Сол сияқты Түркістан облысы бойынша Ұлт­тық бюро департаментінің Б. деген тергеушісі 200 мың АҚШ долларын ұрлағаны үшін ұсталып, қамалды. Оның кәмелет жасына толмаған балалары болса да, сот оны ауыр қылмыс жасағаны үшін екі айға қамауға санкция берді. Сыбай­лас жемқорлыққа күресте басшылықтың жауап­тылығы да артып отыр. Мәселен, Түркістан облысы жедел-тергеу тобының жетекшісі, қарауындағы қыз­мет­кердің 5 млн теңге пара алға­ны үшін, орнынан босатылды. Мұндай мысалдар көп. Ал егер басшысы қызметкерінің қылмысын өзі ашса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан боса­тылады. Жалпы сыбайлас жем­қорларға аяушылық та, рақым­шылық та жасалмайды.

Александр ТАСБОЛАТ,

«Egemen Qazaqstan»