Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

WhatsApp мессенджері арқылы 109 қызметіне 900-ден астам тұрғын өтінім түсірген

1020 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 наурызда қалалық iKomek  мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өтініш берудің жаңа тәсілі +77471090109 WhatsApp нөмірін іске қосты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

WhatsApp мессенджері арқылы 109 қызметіне 900-ден астам тұрғын өтінім түсірген

Тәулік ішінде iKomek орталығының операторлары 915 өтініш қабылдады.

«WhatsApp арқылы өтініш беру ережелерін еске саламыз! Өтініштерді бір мәтіндік хабарламамен келесі үлгі бойынша жіберуді сұраймыз: өтініш берушінің деректері, байланыс мәліметтері (кері байланыс үшін), өтініштің мазмұны, уақыты мен күні, өтінішке (ескертпе –  ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты  нақты мекенжай, болған жағдайда, фотоматериалды қоса тіркеңіз, қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағдардың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мазмұнын көрсетуді сұраймыз. Үлгі бойынша толтырылмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді», – деп мәлімдеді орталықтың баспасөз қызметінде.

Барлық мәтіндік хабарламалар тәулік бойы + 7 747 109 01 09 бойынша қабылданады.