Қазақстан • 07 Наурыз, 2019

Ішкі істер министрінің орынбасары әуедегі визуалды ұшу шараларын өткізді

1088 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер Министрінің орынбасары Ю.Ильин Алматы қаласындағы жұмыс сапары аясында Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріне әуедегі визуальды ұшу рейсін жүргізді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ішкі істер министрінің орынбасары әуедегі визуалды ұшу шараларын өткізді

Ұшу шараларына Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқұтқару» мемлекеттік мекемесі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ұшу кезінде су тасқыны қауіптілігінің фондық бағалауы анықталды, тау шатқалындағы мұздықтар мен қарлардың жағдайы, қар көшкіні учаскелері және Қаскелең өзені бассейнінен Іле Алатау жотасының орталық бөлігінде қардың қоры Талғар өзеніне дейін анықталды.

Жалпы, таулардағы қардың тереңдігі 85 см, қардың қалыңдығы қалыпты деңгейде. Таулы жерлерде қар жиналу мамыр айына дейін жалғасады. Морена көлдері қысқы режимде, мұз және қармен жабылған. Дегенмен, өздігінен жүретін көшкіндердің іздері бар, сондықтан көшкін қауіпі сақталады.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар Департаменті басшылығымен су тасқыны жағдайы және қаладағы су тасқынына қарсы іс-қимылдардың барысы туралы баяндалды.

Осылайша, соңғы 2 жылдағы су тасқынына қарсы күрес шараларының нәтижесінде 97 км. арық жүйелері қайта жаңартылып, 32 км. өзен арналары тұрақтандырылды, бұл су тасқынына қауіпті учаскелердің санын 67-ден 12-ге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Топырақтың мұздату тереңдігі 18 см-ден асады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге аз, топыраққа су сүзгілеу өте тиімді болады. Орта және төменгі таулы аймақтардағы күтілетін жауын-шашынның салдарынан, өзендердің ағыны өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін орталықтар мен ойпаттарда көлбеу ағындар жүруі мүмкін. Су тасқыны маусымына қажетті күштер мен құралдар тұрақты түрде дайын тұрады.

Ұшу шаралары аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары Алматы қаласындағы су тасқыны қауіпсіздігі бойынша жүргізілген жұмыстарға оң баға берді, сондай-ақ, тиісті тапсырмалар берді.