Аймақтар • 07 Наурыз, 2019

Өскемендегі түзеу мекемесінде «Ашық есік» күні өтті

820 реткөрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/1 қауіпсіздігі аралас мекемесінде (тергеу изоляторы) 2 наурыз күні «Ашық есік» күні өтті. Аталған түзеу мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет капитаны Ермек Айтмұқашевтың айтуынша, бұл шара тоқсанына бір рет өткізіліп тұрады.

«Сенбі күні ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне сотталғандардың туыстары келді. Оларға біз сотталушылардың жатын, жұмыс істейтін орындарын көрсетеміз. Жазасын өтеушілердің туыстары «Ашық есік» күніне келгенде мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізбес үшін мекеменің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіреміз», - дейді ол. Іс-шара барысында сотталғандар мекеменің мәжіліс залында өздерінің туыстарына арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Бірі ән салса, екіншісі өздері шығарған жыр шумақтарын туыстарына оқып берді.

Аталған тергеу изоляторының шаруашылық қызмет көрсету жасағында 15-тен астам сотталушы өз еріктерімен жұмыс істеуге қалған көрінеді. Бірі аула сыпырушы, екіншісі аспаз, үшіншісі шаштараз дегендей әртүрлі жұмыстарға келісім шарт бойынша жұмысқа орналасыпты. «Шаруашылық қызмет көрсету жасағына кез келген сотталушыны алмаймыз. ҚР ҚАК 92 бабына сәйкес  мерзімі 5 жылдан аспайтын, бірінші рет сотталған адам болуы тиіс», - дейді Е.Айтмұқашев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар