Спорт • 07 Наурыз, 2019

Әуесқой хоккейшілердің турнирінде алматылықтар топ жарды

627 реткөрсетілді

«Халық Арена» спорт кешенінде «Алматы шақыру кубогы» турнирі аяқталды. Бұл жарыста Канада, Ресей, Қырғызстан жəне Қазақстанның хоккейшілері бақ сынады.

Олар:

1. НС Н1N1 (Монреаль, Канада)

2. «Northern Hockey Lads» (Британиялық Колумбия, Канада)

3. Челябі қалалық Думасы мен əкімшілігі құрамасы (Челябі, Ресей)

4. «Кенеш ұшқыштары» (Кенеш кенті, Қырғызстан)

5. NSK Knighits (Алматы, Қазақстан)

6. «ALMATY KZ» (Алматы, Қазақстан)

7. «Алматы»  ХК (Алматы, Қазақстан).

Айтулы жарыста "ALMATY KZ" командасы жеңімпаз атанды. Аталмыш клубтың жетекшісі Жеңіс Қаражігітов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Осы турнир барысында қатысушылар үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалды. Канада мен Ресей құрамасы сапында  мықты ойыншылар көп болды. Ал біздер үшін ең қауіпті қарсылас – «Алматы» клубы еді. Десек те біз олардан басым түстік» – деді.

Осы турнирде екінші орынды «Алматы» иеленсе, үшінші сатыға тағы бір алматылық ұжым – «NSK KNIGHTS» командасы табан тіреді.

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов: «Əуесқой хоккей федерацияның қолдауы арқасында дамып жатыр. Əуесқой лига 20 команданың басын қосты. Алдағы уақытта Алматы қаласы əкімдігі де осы қозғалысқа қосылады деп үміттенеміз»,  – деп тіл қатты.

Жарыстың ең үздік ойыншылары мен бапкерлері естелік сыйлықтармен марапатталды. Жабылу салтанатында Алматы қаласы хоккей федерациясының президенті Жарқын Əлжанов «Кезінде түрлі мемлекеттерде ойнаған хоккейшілер осы турнирге өз достарын шақырды. Олар команда жасақтап, Алатау бауырайына келді. Нəтижесінде сүйікті қаламызда тамаша əуесқой турнирі өтті. Енді біз «Алматы шақыру кубогын» дəстүрлі түрде өткізуді көздейміз.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар