29 Наурыз, 2012

Басқа басылымдардан

275 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Басқа басылымдардан

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:47

НТВ. Бүгін Оңтүстік Корея аста­насындағы Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі саммиттің негізгі күні. Талқыланатын проблемалар ауқымы аса кең – ядролық терроризмнен экономикалық қауіпсіздікке дейін.

Жекелеген мәлімдемелермен Ресей, Құрама Штаттар және Қазақстан президенттері сөз сөй­ле­ді. Үш ел Кеңестік Семей полигонындағы ядролық сынақтар зардаптарын жоюды аяқтады. РФ Президенті Дмитрий Медведев: «Біз бүгін Семей по­лигоны мүлде басқаша түрде қызмет етеді, ондағы барлық ядролық қатер жабылды. Қазақстан тиісті аумақтарды дамыту арқылы болашаққа жарқын қарай алады. Мен мұны шындығында да, үш мемлекет арасындағы ізгі ынтымақтастықтың мысалы деп есептеймін», – деп атап өтті.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:47

НТВ. Бүгін Оңтүстік Корея аста­насындағы Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі саммиттің негізгі күні. Талқыланатын проблемалар ауқымы аса кең – ядролық терроризмнен экономикалық қауіпсіздікке дейін.

Жекелеген мәлімдемелермен Ресей, Құрама Штаттар және Қазақстан президенттері сөз сөй­ле­ді. Үш ел Кеңестік Семей полигонындағы ядролық сынақтар зардаптарын жоюды аяқтады. РФ Президенті Дмитрий Медведев: «Біз бүгін Семей по­лигоны мүлде басқаша түрде қызмет етеді, ондағы барлық ядролық қатер жабылды. Қазақстан тиісті аумақтарды дамыту арқылы болашаққа жарқын қарай алады. Мен мұны шындығында да, үш мемлекет арасындағы ізгі ынтымақтастықтың мысалы деп есептеймін», – деп атап өтті.

Кеңестік тұңғыш ядролық полигон 1949 жылы Қазақстанда жұмыс істей бастады. 40 жыл ішінде Семей полигонында 500-ге жуық сынақ жасалды. Міне, енді бұл аумақ қауіпсіз деп жарияланды.

 

РОССИЯ 1. Сеулде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит жалғасуда. Негізгі шаралар кеше өтті. Жұмыс отырыстарына 50-ден астам елдің және 4 ха­лық­ара­лық ұйымның басшылары қатысуда. Күн тәр­ті­бінде – ядролық қауіпсіздік салаларындағы халық­аралық ынтымақтастық және ұлттық деңгейдегі қабылданатын шаралар. Иранның немесе КХДР-дің атом бағдарламалары сияқты мәселелер қарас­ты­рылмайды деп хабарланды. «Саммит алаң­да­рын­да» жеке құрамда бірқатар келіссөздер жос­пар­ланған. Қазірдің өзінде Ресей, АҚШ және Қазақстан президенттерінің кездесуі болды. Дмитрий Медведев Семей полигоны бойынша үш мем­лекеттің ынтымақтастығы ядролық қауіпсіздік­пен айналысуға нақты мысал болатынын атап өтті.

«Саммиттер кездесіп, тек бір-бірінің қолын алу үшін өткізілмейді. Ол ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етуі тиіс. Біз 2004 жылдан бастап үш мемлекет – Қазақстан, АҚШ және Ресей Семей полигонын пайдаланудан қалған зардаптарды жоюмен айналысудамыз, – деді Д.Медведев. – Сондай-ақ мен ядролық қауіпсіздік үшін ерекше жауапкершілік жүктелген мемлекеттер ретінде Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың бірлесе отырып, бұл проблемалармен айналысып және оны шешуде ынтымақтастық танытқанын атап өткім келеді».

 

КОМСОМОЛЬСКАЯ ПРАВДА! Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит­тер­дің бірін қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді. «Қазақстан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерді әр екі жыл сайын өткізуді ұсынады. Біз болашақта Астанада осындай саммиттердің бірін қабылдауға дайынбыз», – деп мәлімдеді ол Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Сеул саммитінде сөйлеген сөзінде.

Саммит жұмысына 50-ден астам елдің басшылары және 4 халықаралық ұйымның өкіл­де­рі қатысуда. Саммит қорытындысы бойынша қо­рытынды құжат – физикалық ядролық қауіп­сіз­дікті нығайтуға және ядролық терроризм қатерін бәсеңдетуге бағытталған коммюнике қабылданады деп күтілуде.

 

ВЗГЛЯД. Ядролық қаруды бірінші болып қолданған мемлекетке бойкот жариялауға дейінгі ең қатаң жаза қолдану қажет,  деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде. «Ядролық қаруды бірінші болып қолданған елді оқшаулау және оған бойкот жариялауға дейінгі ең қатаң халықаралық шараны қолдану туралы келісуді ұсынамын», – деп Н.Назарбаевтың сөзін келтірген Президенттің баспасөз қызметі.

«Кейбір мемлекеттер ядролық қаруға ие болуды қауіпсіздіктің факторы ретінде қарас­тыра­ды. Әлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартқан өз елімнің тәжі­рибесіне сүйене отырып мынаны айта аламын: қауіпсіздікке нағыз сенімді кепілдікті орнықты әлеуметтік-экономикалық даму ғана бере алады», – деп атап өтті Қазақстан басшысы.

«Барлық ядролық мемлекеттерді осындай ізгі ниет көрсетуге шақырамын», – деді Н.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті ядролық державалар ядролық қаруды иеленуден бас тарт­қан мемлекеттерге БҰҰ бекіткен қауіпсіздік кепілдігін беруге тиіс екендігін атады. «Жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабылдау Ядролық қару жөніндегі конвенцияға маңызды қадам бо­лып табылар еді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сейсенбі күнгі Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обаманың Ядролық қаруды таратпау туралы шарт ережелерін сақтау жөніндегі жаңа стратегиясына қолдау білдірді. «Қазақстан АҚШ пен Ресей арасындағы Стратегиялық шабуылдау қаруын қысқарту ту­ра­лы шарттың күшіне енуін қуаттайды және Президент Барак Обаманың жаңа ядролық стратегиясын қолдайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

АЛТАПРЕСС.ru. Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші саммит аясында президенттер: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің және АҚШ Президенті Барак Обаманың үшжақты кездесуі болды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекеттер басшылары бұрынғы Семей сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Мәлімдемеде Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Америка Құрама Штаттарының президенттері ядролық терроризммен және ядролық қарудың таралуы қаупімен күресте ортақ мақсат ұстанатыны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигоны әлемдегі аса ірі полигондардың бірі екенін атап өтті.

«Менің Жарлығыммен осыдан 20 жыл бұрын біз Семей сынақ полигонын жаптық. Бірнеше жылдан бері Қазақстан, Ресей және АҚШ сынақтардың зардаптарын жою жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізіп келеді. Біз осы көмектері үшін өзіміздің әріптестерімізге алғыс айтамыз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті.