30 Наурыз, 2012

Басқа басылымдардан

266 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Басқа басылымдардан

Жұма, 30 наурыз 2012 7:56

VESTI.RU   Бұрынғы Семей ядро­лық сынақ полигоны енді қауіп-қатер туғызбайды. Бұл жөнінде Сеулде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ресей Президенті Дмитрий Медведев мәлімдеді. Д.Медведевтің пікірінше, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың полигон бойынша өзара іс-қимылы өзге елдер үшін жақсы мысал болып табылады.

 

Жұма, 30 наурыз 2012 7:56

VESTI.RU   Бұрынғы Семей ядро­лық сынақ полигоны енді қауіп-қатер туғызбайды. Бұл жөнінде Сеулде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Ресей Президенті Дмитрий Медведев мәлімдеді. Д.Медведевтің пікірінше, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың полигон бойынша өзара іс-қимылы өзге елдер үшін жақсы мысал болып табылады.

«Бүгінде полигон мүлде басқаша түрде жұмыс істейді, барлық қатер жабылды. Қазақстан енді бұл аумақтың болашағын дамытуға мүмкіндігі бар», – деп ИТАР-ТАСС Д.Медведевтің сөзін келтірген. Ресей басшысының сөзіне қарағанда, Сеул саммиті сияқты халықаралық жиындар ынтымақтастықтың нақты үлгі­сін көрсетуі тиіс. Дәл осыған Семей полигоны жөнін­дегі өзара іс-қимыл нақты мысал болып табылады.

Дмитрий Медведев, сондай-ақ Семей полигонының қандай зардаптарға соқтырғанын түсіністікпен қабыл­дап, 2004 жылы оның зардаптарын жою мақсатында бірлескен жұмыстарды бастағанын еске салды. «Ресей мен АҚШ-қа ядролық қауіпсіздік үшін  ерекше жауапкершілік жүктелген. Біз бұл проблемалармен айналысып және оны шешу үшін ресурстар таба білдік», – деп атап өтті Ресей басшысы. Ресей Президенті, сондай-ақ аталған мәселелерде белсенді позиция ұстағаны үшін қазақстандық әріптесіне алғыс білдірді.

 

Voice Of America. АҚШ Президенті Барак Обама мен Қазақстан басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Сеулде екіжақты кездесу өткізді. Мемлекеттер бас­шы­лары Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке келген.

Нұрсұлтан Назарбаев саммит басталар алдында саммитке қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін Корея басшысына және Вашингтон саммитіне шақырғаны үшін АҚШ Президенті Барак Обамаға алғыс айтты. Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевқа осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы шешім қабылдағанына ризашылығын білдіре келіп, Қазақстан Президентінің бұл қадамы әлемдік қоғамдастық үшін үлгі болатынын жеткізді.

АҚШ басшысы, сондай-ақ Сеул саммитінде Қазақ­стан­ның ықпал етуімен жоғары байытылған уранға қатысты және Халықаралық ядролық отын банкін дамытуға байланысты өзекті мәселелер талқыланаты­нын атап өтті. «Біздің елдеріміздің арасындағы тығыз байланыс ядролық қауіпсіздік аясында ғана емес, басқа да салаларда дамып келеді. Сондықтан да бұл кездесуде біздер Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік бердік. Біздер бизнес саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге де мән бермекпіз», – деп атап өтті АҚШ Президенті.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманың ядролық қарусыз әлем үшін күреске шақыруына қолдау білдірді. Ол Қазақстан АҚШ-пен бірқатар жобалар бойынша тығыз ынтымақтастықта екеніне және бұл ынтымақтастық өзінің жемісін беріп отырғанына тоқталды. Оның сөзі бойынша, Құрама Штаттар Қазақ­стан экономикасына 20 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Бұл Орталық Азия елдеріне бағыт­талған шетел инвестициясының 80 пайызын құрайды.

 

РБК.   Президенттер: Ресей – Дмитрий Медведев, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев және АҚШ – Барак Обама бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастық туралы мәлімдеме қабылдады. Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, келісімге Сеулдегі Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында үшжақты кездесу барысында қол қойылған.

Дмитрий Медведев қабылданған мәлімдемеге түсінік бере келіп, бұл құжат ынтымақтастықтың нақты мысалы болып табылатынын атап өтті. «2004 жылдан бастап біз, яғни үш мемлекет – Қазақстан, АҚШ және Ресей Семей полигонын пайдаланудан туындаған зардаптарды жоюмен айналысып келеміз. Біз оны сол қалпында сақтап қалудың қаншалықты қауіп-қатер тудыратынын түсінеміз. Біз бүгін Семей полигоны мүлде басқаша түрде жұмыс істейді, ондағы барлық қатер жабылды деп нық сеніммен айта аламыз. Бұл үш мемлекет арасындағы ізгі ынтымақтастықтың мысалы болып табылады».

 

РИАНОВОСТИ.   Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Дмитрий Медведев пен АҚШ Президенті Барак Обамаға Семей полигонын пайдаланудан туындаған зардаптарды жоюға көмек көрсеткендері үшін алғыс айтты және ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік және америкалық әріптестерімен бірге бұрынғы Семей полигонына қатысты  ынтымақтастық туралы мәлімдеме жасады. «Барлығымызға белгілі, Семей ядролық сынақ полигоны әлемдегі ірі полигон болды. Онда 500 ядролық жарылыс жасалды, оның 70-тен астамы жер үстінде жүзеге асырылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге. Сондай-ақ ол бұдан 20 жыл бұрын  полигонды жабу туралы Жарлығы Қазақстан Президенті ретінде шығарған өзінің алғашқы жарлығы болғандығын атап өтті.

«Біз АҚШ және Ресеймен бірге 2004 жылдан бері полигон зардаптарын жою жұмыстарын жүргізіп келеміз, 3000 шаршы шақырым болатын аумақ сауықтырылды. Сауықтыруды қажет ететін аумақ әлі де көп», – деді Қазақстан басшысы. Семей полигонының радиациясынан 1,5 миллион адам зардап шекті.

Әлемдегі ірі Семей ядролық сынақ полигоны 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. 1949-1989 жылдары аралығында онда кемінде 468 ядролық сынақ жасалды. Ал 1949-1963 жылдары ішінде жасалған ядролық сынақтардың жиынтық күші Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есеге асып түседі. Полигон аумағынан тыс жерлерге радиоактивті заттар таралды.