Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

Оншақты сібір елігін жайратып салған

961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Тәртіп сақшылары мемлекеттік қорық инспекторларымен бірлесіп,  Қызылжар ауданында сібір еліктерін заңсыз атқан браконьерлерді құрықтады.

Оншақты сібір елігін  жайратып салған

Есіл өзенінің жағасында орналасқан Красный Яу ауылы маңында  43 жастағы петропавлдық мінген Mitsubishi Delica автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында сібір елігінің еті салынған қап пен тегіс ұңғылы мылтық табылған. Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы, полиция майоры Сергей Липконың айтуынша,  маңайдан ет салынған тағы 5 қап, еліктердің мүшеленбеген еті мен терілері кездескен.

   Заңсыз аңшылықпен айналысқан  облыстың бірнеше тұрғыны 9 сібір  елігін жайратып салған.  Бұл фактіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 337-бабы бойынша  «заңсыз аңшылық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

   Жыл басынан бері табиғатты қорғау заңнамасының 189 бұзушылығы анықталған. Оның ішіндегі 4 оқиға заңсыз аңшылыққа қатысты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.