Аймақтар • 08 Наурыз, 2019

Павлодарда Виктория Сұлтанованың бисермен жасалған өрнектер көрмесі өтті

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Облыс  орталығындағы Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде өткен  ерекше көрме 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналды.

Павлодарда  Виктория Сұлтанованың бисермен жасалған  өрнектер көрмесі өтті

Көрмеге қолданбалы қолөнер шебері Виктория Сұлтанованың бисерден  жасаған  заттары  қойылды.

 Виктория Шығыс стиліндегі әсем алқалар, білезіктер жасайды.

Алқалалар, білезіктер әртүрлі әшекей тастармен, бисермен және жартылай асыл тастармен өрнектеледі.

Бірін-бірі қайталамайды  бір ғана данамен жасалады. Сондықтан өте бағалы.

Бисер сөзі араб тілінен аударғанда «Жалған маржан» деген мағына береді екен.

Көрмеден орын алған -Сәукеле барқыттан тігіліп, жарқыраған бисерлі ою-өрнектермен көмкерілген.

Сонымен бірге, тоқылған сәнді көйлектер мен киізден де бұйымдар жасайды.

Музейдегі көрмеге Виктория 200-ге жуық  бисермен жасалған  қымбат бағалы  дүниелерін  әкелген. Бір әсем алқаны жасау үшін жарты жыл уақытын жұмсайды екен.

Музей директоры Гүлнәр Нұрахметованың айтуынша, Виктория қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың қатысушысы.

Мысалы, «Скандинавия» аталатын алқасы «Бисер ертегісі» байқауында  жүлде алыпты. Ең қымбат жұмысы «Қызғалдақ» деп аталады.

Сонымен бірге, «ЭКСПО-17» халықаралық көрмесіне де қатысқан. 

Алдағы уақытта Виктория Сұлтанова облыс орталығңында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп ашқысы келеді.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

Павлодар