Аймақтар • 09 Наурыз, 2019

6 ана Алтын мен Күмістен алқа тақты

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті.

 

6 ана Алтын мен Күмістен алқа тақты

Шарада аймақ әкімі Амандық Баталов өңірдегі еңбегі еленген 200 әйелді құттықтап, көп балалы аналарға Алтын алқа мен Күміс алқа тапсырды. Мұндай құрметке жетісулық 6 ана ие болды.

Өз құттықтауында облыс әкімі әйел-ананың қоғамдағы рөліне тоқталды. Олардың мемлекеттік қызметте, қоғамдық жұмыста, кәсіпкерлікте, ең бастысы ұрпақ тәрбиелеуде бар күш-жігерін жұмсап, табысқа қол жеткізіп жүргендігін атап өтті. Ал жетісулық әйелдер қауымы атынан сөз алған көп балалы ардагер ана, Ғалия Ақбасова мерекелік тілегін жеткізіп, көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.

Шара мерекелік мазмұндағы концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ана, көктем, жастық тақырыптарындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Көрермендер қазақ эстрадасының танымал өкілдері Тоқтар Серіков пен Әйгерім Қалаубаеваның, облыстың өнер ұжымдарындағы әншілер мен бишілердің, әртістердің, жас балғындардың өнеріне ризашылықпен қол соқты. 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы