Баспасөз мәслихаты дүйсенбі күні Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Онда Головкин өзінің жақын арадағы жоспарларымен бөліседі. Ал DAZN жетекшісі ынтымақтастықтың жаңа қырларымен таныстырады.
Айта кетейік, Головкин DAZN ұйымымен келісімшарт жасады. Ол 3 жылға созылады және осы уақыт аралығында қазақстандық боксшы 6 кездесу өткізбек. Геннадий жылына екі жекпе-жек өткізіп отыратын болады. Келісімшарт уақыты аяқталған соң ол карьерасымен қош айтыспақ. Қазақстандық боксшының DAZN аясындағы алғашқы кездесуі маусымда өтеді. Алайда оның қарсыласы әзірге белгісіз.