11 Наурыз, 2019

Жайық өзеніне құятын Перетаска каналында 15 кг өлі балық табылды

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 25 ақпан күні Жайық өзеніне құятын Перетаска каналында өлі балықтар табылды, шамамен 15 кг жиналған. Ведомствоаралық комиссияның мамандары бұл фактіні растап, өлген балық мұз ерігеннен кейін жер бетіне шығып кеткенін атап өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жайық өзеніне құятын Перетаска каналында 15 кг өлі балық табылды

Атырау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, 2019 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында балық аулау жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары, сондай-ақ «Қазақ балық шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғылыми қызметкерлері ауланған (тірі) балықтарға зерттеу жүргізді. Мамандардың деректері бойынша, өлген немесе ауру балықтар тіркелмеген. Ауланған балықтардың жағдайы тұрақты деп белгіленген.

Бұған дейін, 2018 жылдың 26 желтоқсанында Жайық өзенінің екі учаскесінде сүңгуірлер су айдынына тексеру жүргізді. Осындай жұмыс 2019 жылдың 4 ақпанында да жүргізілді, онда сүңгуірлер 10 учаске бойынша өзен түбін қарап шықты, өлі балықтар табылмады.

Қазіргі уақытта Орал өзеніндегі жағдай жергілікті атқарушы органдар мен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының күнделікті бақылауында. Балық өнімдерін сататын барлық нүктелер ветеринарлар мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.