«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің хабарлауынша, Routes Silk Road 2019 форумы ағымдағы жылдың 15-17 шілдесінде өткізілетін болады. Ол аймақтық авиакомпаниялар, әуежайлар мен туристік билік өкілдерінің басын қоспақ.
Routes Silk Road іс-шаралары 2015 жылдан бері өткізілген жоқ. Соңғы кездесу Грузияда өткен болатын.
Routes Silk Road Форумының елордада өткізілуі қала әкімдігінің Астана Конвеншн Бюросымен бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесі болып табылады.
«Астана әуежайы үшін «Routes Silk Road» халықаралық көрмесі маңызды оқиға болып табылады. Конференция өзін жоғары деңгейдегі әуежай деп жариялауға, жаңа жолаушылар терминалын ұсынуға, жаңа және бар бағыттардың дамуын талқылауға мүмкіндік береді», – дейді Астана халықаралық әуежайының бас директоры Рәділбек Әдимолда.
Routes Silk Road форумының өайта ұйымдастырылуы шараны қолдаушы IATA тарапынан жоғары бағаланды.