11 Сәуір, 2012

Бір күнде жүз адам опат болды

297 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бір күнде жүз адам опат болды

Сәрсенбі, 11 сәуір 2012 7:19

9 сәуірде Сирияда үкімет әскерлерінің бүлікшілер позициясына шабуылы салдарынан бір күнде жүз­ден астам адам қаза тапты. Опат болғандардың 19-ы Сирия қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері болса, 8-і бүлікшілер, ал қалғандары бейбіт тұрғындар делініп отыр.

Негізгі қақтығыстар елдің орталығындағы Хама провинциясында орын алған. Күндіз Сирия әскерлері Латамна қаласына қарулы операциялар жүргізіп, содан кейін Кфар Зейф елді мекенінде бүлікшілермен ұрысқа кірген. Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, әскерилерге әуеден тікұшақтар қолдау көрсеткен.

 

Сәрсенбі, 11 сәуір 2012 7:19

9 сәуірде Сирияда үкімет әскерлерінің бүлікшілер позициясына шабуылы салдарынан бір күнде жүз­ден астам адам қаза тапты. Опат болғандардың 19-ы Сирия қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері болса, 8-і бүлікшілер, ал қалғандары бейбіт тұрғындар делініп отыр.

Негізгі қақтығыстар елдің орталығындағы Хама провинциясында орын алған. Күндіз Сирия әскерлері Латамна қаласына қарулы операциялар жүргізіп, содан кейін Кфар Зейф елді мекенінде бүлікшілермен ұрысқа кірген. Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, әскерилерге әуеден тікұшақтар қолдау көрсеткен.

КАЧИНЬСКИ ҚАЗАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛДЫ

Осыдан екі жыл бұрын Смоленск әуежайына қонар кезде Польша прези­денті Лех Качиньски мінген Ту-154 ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі. Пре­зидентпен бірге араларында жо­ғары шенді лауазым иелері бар 95 адам қаза тапқаны да ұмытыла қоймаса керек.

Польша делегациясы Ресейге Катындағы қаралы шара­ға қатысу үшін ұшқан еді. Міне, кеше Польшада ел прези­денті Лех Качиньски қазасының бір жылдығына арналған митинг болып өтті. Митинг Повонзки зиратында ұйым­дас­тырылды. Жалпы, поляк тарабы апатқа Ресей жағын айыптайды. Ал Ресей мен Польша қосылып құрған комиссия апатқа ауа райы мен адам факторы себепкер деген қорытынды шығарған болатын.

РОБЕРТ МУГАБЕ ХАЛ ҮСТіНДЕ ЖАТЫР

Зимбабве президенті Роберт Мугабе өлім аузында жатыр, деп хабарлады жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып, АВС News басылымы. Кеше газеттер 88 жастағы саясаткердің Сингапурдағы  онколо­гия­лық клиникада жатқанын жазды. Ол ракпен ауырады екен.

Сырқатына байланысты Р.Мугабе министрлер кабинеті­нің соңғы мәжілісіне де қатыспапты. The Daily Mail агенттігінің ақпараты бойынша, президент қазірдің өзінде өзінің өкілеттігін Зимбабве қорғаныс министрі Эммерсн Мнагагвеге беруге келісімін беріпті. Р.Мугабе президенттік лауазымға 1988 жылы келген болатын.

ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНДА –  ЕКІНШІ АВИАНОСЕЦ

АҚШ әскери-теңіз күштерінің командованиесі Парсы шығанағына екінші екпінді авианосецін аттандырды. Ол  әскери кезекшілікке өзі тектес авианосецпен қатар тұратын болады. Шығанаққа алғаш болып жеткен авианосец «Авраам Линкольн» аталса, енді келіп жететіні «Энтерпрайс» аталады.

АҚШ әскери-теңіз күштері бесінші флоты коман­дованиесінің өкілі Эми Деррик-Фрост ханымның мәлім­деуінше, соңғы он жылда Парсы шығанағы акваториясына екі авианосец қатарынан төртінші рет кезекшілікке тұрмақ екен. Сонымен бір мезгілде, Деррик-Фрост ханым оқиғаны Иранмен байланыстырудан бас тартқан. Авианосецтер АҚШ әскерлерінің Ауғанстандағы іс-қимылына және Сомали жағалауларындағы пираттармен күреске қолдау көрсетумен ғана айналысатын болады, дейді ол.

ЕНДІ БҮЛІКШІЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРМАЙДЫ

Ливия басшылығы кең ауқымды қаржы бұзушылықтар анық­талуы­на байланысты Муаммар Каддафи әскерлеріне қарсы соғыс қи­мыл­дарына қатысқан бұрынғы бүлікші­лерге сыйақы төлеуді тоқтатып тас­тады. Бұл жөнінде «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады.

Кең көлемдегі қаржы бұзушылықтар салдарынан төңкерісшілерге арналған миллиондаған динар желге ұшқандықтан, тиісті сыйақы беру тоқтатылады. Өйткені, сыйақы алуға құқы жоқ адамдар заңсыз ақшаға ие болған, деп мәлімдеді Ұлттық өтпелі кеңестің ресми өкілі Мохаммед Харизи. Қазір М.Харизи Ливия билігінің басында отыр. Сыйақы төлеудің тоқтатылуына байланысты қарулы қарсылыққа қатысушылар өздерінің наразылықтарын білдіріп жатыр.

ГРЕКТЕР КЕШЕГІ КҮНІН АРМАНДАЙДЫ

9 сәуірге қараған түні Грекия әкімшілік реформа министрлігінде өрт шықты. Өрт тұтанғыш қоспасы бар бөтелкенің ғимаратқа лақтыры­луы­нан шық­қан. Өрт салдарынан ғимараттың бірінші қабаты толықтай жанып кетсе, қосымша құры­лыстар мен жақын қойылған автокөліктер де зардап шеккен.

Жергілікті полиция  күдікке үкіметке қарсы бас көтерген демонстранттарды алып отыр. Өйткені, олар бұған дейін осындай әдіспен бірнеше банкті, үкіметтік ғимараттарды, шетелдік елшіліктер мен ірі ком­пания­лардың өкілдіктерін өртеуге әрекеттенген екен. Қазіргі кезде Грекия  ауыр қаржы және бюджет дағдарысын бастан кешіп жатыр. Осыған орай шығындар да қысқартылуда. Бұған дейін кең-молынан өмір сүріп қалған көпшілік осыған наразы.

Қысқа қайырып айтқанда:

* Ресей Сирияға өзінің байқаушыларын жіберуге келісімін берген. Бұл туралы кеше Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлады. Ресей билігі бұл қадамға БҰҰ хатшылығының өтінішіне орай барып отыр, деді С.Лавров. Кеше Сирияны бей­біт реттеу жоспарына сәйкес, әскерлерді бүлікшіл қалалар­дан шығару мерзімі аяқталғанын да айта кетейік.

Грузия кеңестік диктатор Иосиф Сталиннің туған қаласы – Гориде орналасқан оның атындағы мұражайды сталиндік репрессия құрбандарына арналған мұражай етіп қайта жасайтын болды. Бұл мұражайдың іргесі Лаврентий Берияның бастамасымен кеңестік диктатордың көзі тірі 1937 жылы қаланған болатын. Сол кезде Л.Берия Грузия Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы еді. 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.