14 Сәуір, 2012

Қақтығыс қайта басталды

445 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қақтығыс қайта басталды

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:17

Сирия мен Түркияның шекарасында Сирия армиясы мен оппозициялық күштердің арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр.

Бұл оқ атуды тоқтату туралы халықаралық келісімнің ал­ғаш рет елеулі түрде бұзылуы болып табылады. Ұлы­бри­танияда орналасқан Сирияның адам құқықтары жөніндегі  қа­даға­лаушы кеңесінің мәліметтері бойынша, жанжал ше­карадағы Хирбет әл-Джоз елді мекені маңайында туын­даған. Сол сияқты олар қақтығыс басталғанға дейін елді мекен ау­мағына үкімет әскерлерінің танктері енгізілгенін де атап көрсеткен. Өңірде мылтық дауыстары естілгенімен, ауыр артиллериялық атқы­лау­лар мен бомбалаулар туралы хабарлар түспеген көрінеді.

 

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:17

Сирия мен Түркияның шекарасында Сирия армиясы мен оппозициялық күштердің арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр.

Бұл оқ атуды тоқтату туралы халықаралық келісімнің ал­ғаш рет елеулі түрде бұзылуы болып табылады. Ұлы­бри­танияда орналасқан Сирияның адам құқықтары жөніндегі  қа­даға­лаушы кеңесінің мәліметтері бойынша, жанжал ше­карадағы Хирбет әл-Джоз елді мекені маңайында туын­даған. Сол сияқты олар қақтығыс басталғанға дейін елді мекен ау­мағына үкімет әскерлерінің танктері енгізілгенін де атап көрсеткен. Өңірде мылтық дауыстары естілгенімен, ауыр артиллериялық атқы­лау­лар мен бомбалаулар туралы хабарлар түспеген көрінеді.

ИРАН МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНБАҚ

14 сәуірде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия Ыстамбұлда Иранның ядролық проблемасына қатысты келіссөздерді одан әрі жалғастырмақ.

Иранның ядролық проблемасының тағ­ды­рын айқындауда тағы бір шешуші кезең туындап отыр. Иран келіссөздерге қатысу арқылы қысым көрсетуді әлсіретіп,  ықтимал деген әскери арала­суд­ың алдын алғысы келетін тәрізді. Ал АҚШ болса, келіссөздер кезінде Иранға жасалған санкциялар мен қысымдардың қалайша ық­пал еткенін көрмек ниетте. Осындай жағдайда Израиль АҚШ-ты Иранға қатысты қатаң позиция ұстануға шақыруда. Ыстамбұлдағы келіс­сөздің нәтиже береріне сенушілер аз.

ГВИНЕЯ-БИСАУДА ТӨҢКЕРІС БОЛДЫ

Гвинея-Бисау армиясы мемлекет басшысы сай­лауының екінші туры қарсаңында әскери төңкеріс жасады.

Әск­ерилер астананың үлкен бөлігін, билік партия­сының штаб-пәтерін басып алып, сондай-ақ ұлттық радио хабарларын тоқтатқан. Премьердің жеке күзеті мен қазіргі билікті жақтайтын әскери бөлімдердің қарсылық көрсе­туі­нен ел премьер-министрінің резиденциясын басып алудың сәті түспеген көрінеді. Соған қарамастан, үкімет басшысы және президент міндетін атқарушы Раймундо Перейраның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Ереуілге прези­денттікке кандидаттардың бірі Кумба Яланың сайлау барысында көптеген бұрмалау­шылықтар орын алғаны туралы жасаған мәлімдемесі себепкер болған сыңайлы.

БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ ЗАҢ

Египет парламенті елдің экс-президенті Хосни Мубарак аппаратында жұмыс істеген премьер-министрлер мемлекет басшысы лауазымына сайлана алмайды деген заң жобасын қабылдады.

Аталған заң жобасы бұрынғы вице-президент және үстіміздегі жылдың 23-24 мамырында өтетін сайлауда пре­зиденттікке кандидат Омар Сулей­манға қарсы бағытталған көрінеді. Бұл заң жобасы Х.Мубарактың үкіметінде соңғы он жыл ішінде қызмет істеген кез келген премьер-министрге қатысты болмақ. Египетті басқарып тұрған әскери кеңес парламент ұсынысын қуаттаған жағдайда О.Сулейман сайлауға түсе алмайтын болады.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ ТҰТҚЫНҒА АЛЫНДЫ

Моңғолия өкіметі елдің бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды қамауға алу жөнінен арнайы операция өткізді.

Моңғолияның бұрынғы басшысына жаппай тәртіп­сіз­діктер мен жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылып отыр. Арнаулы бөлімдер бұрынғы мемлекет басшысының қарсылығын тойтарып, оны тұтқынға алған. Ал Энхбаяр­дың өзі болса, өз атына тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді. 2005-2009 жылдары билікте болған Энхбаяр 2008 жылы Улан-Баторда орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты тұтқын­далып отыр.

ЗІЛЗАЛАНЫ ПАЙДАЛАНЫП, ТҮРМЕДЕН ҚАШҚАН

Индонезияда орын алған жер сілкінісінен кейін ондаған қыл­мыс­керлер түрмеден қашып шыққан.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Суматра аралындағы Ачех қаласындағы түрмеден кем дегенде 32 сотталушы заңсыз қашып кеткен. Түрме басшы­лығы зілзала мен цунами қаупіне байланысты жасалған дабылға орай 221 тұтқынды өзге жерге көшірген көрінеді. Түрмеден қашқан 63 қылмыскер осындай қолайлы сәтті пайдаланған. Кейінірек 13 адам өз ерік­терімен түрмеге оралса, тағы 18 адамды полиция қызмет­керлері ұстаған. Қазіргі уақытта 32 адамның қашып жүргені белгілі болып отыр. Дегенмен, округ полициясының басшысы қашқындардың қай жерде жасырынып жүргендігін білетінін мәлімдеген.

КОРЕЯ МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДАЛУДА

Зымыран ұшырудың сәтсіз аяқталғанына қарамастан, КХДР Ким Ир Сеннің 100 жылдығын атап өтетін болады.

Радио және телеарналар арқылы берілген «Кванменсон-3» спутнигінің сәтсіз ұшырылғаны туралы хабарлар ел астанасындағы ахуалға онша әсер ете қоймаған сыңайлы. Мұнда Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толу мерекесін 15 сәуір күні атап өту үшін қызу дайындықтар жүруде. Қаланың орталық алаңында, арасында студенттер мен мектеп оқушылары бар, мыңдаған жастар мереке күні көрсетілетін шеруге әзірліктерін одан әрі шыңдау үстінде. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, осы күні алаңда әскери парад өтпекші.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.