А. Мамин мен А. Бородавкин Астанада биыл мамыр айында ЕАЭО мерейтойлық саммитін, күзде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарларын қарады. Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешені бойынша өзара іс-қимылдың бірлескен әдіс-тәсілдері, соның ішінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту, «Бәйтерек» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығы еліміздің сыртқы сауда қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Инвестициялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі сақталған, белгіленген міндеттерді табысты іске асырудың қажетті әлеуеті бар.