Спорт • 12 Наурыз, 2019

Көркем гимнастикадан «Афродита кубогіне» қатысатын спортшылар кімдер?

918 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-18 наурыз күндері Грекия астанасы Афиныда көркем гимнастикадан «Афродита кубогі» халықаралық турнирі өтеді. Аталған бәсекеден Қазақстан командасы да сырт қалмайды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Көркем гимнастикадан «Афродита кубогіне» қатысатын спортшылар кімдер?

Грекия төрінде қазақстандық гимнастар Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Сарыбай бақ сынайды. 

Сондай-ақ, А. Шакенова мен Т. Молдаханова да турнир жүлдесіне таласатынын ескертеміз. 

Тілекенова мен Әбдірбекова 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Ал Роза Абитова жасөспірімдер Олимпиадасының командалық додасында күміс жүлдегер атанған болатын.