Қысқы спорт • 13 Наурыз, 2019

Биатлоннан әлем чемпионаты: Үш қазақстандық спортшы жекелей сында бақ сынайды

808 реткөрсетілді

Бүгін Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталады. Спортшылар 20 шақырымға жарыспақ. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Жүлдеге жалпы есебі 103 биатлоншы таласпақ. Оның ішінде үш қазақстандық бар. Атап айтар болсақ, Роман Еремин, Тимур Куц және Сергей Сирик жекелей сында бақ сынап көреді. 

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы бәсекеде Галина Вишневская 44-ші орын алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Жақсылық жүрек жылытады

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар