07 Маусым, 2012

Шарайна

216 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Бейсенбі, 7 маусым 2012 7:30

БЕС ӘЗЕРБАЙЖАНДЫҚ ӘСКЕРИ ҚАЗА ТАПТЫ

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі армян дивер­санттарының Қазақауданындағы Ашаг Аскипара ауылы маңында орналасқан  әскери базапозицияларына енуге әрекет жасағаны туралы ақпар таратты.

 

Бейсенбі, 7 маусым 2012 7:30

БЕС ӘЗЕРБАЙЖАНДЫҚ ӘСКЕРИ ҚАЗА ТАПТЫ

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі армян дивер­санттарының Қазақауданындағы Ашаг Аскипара ауылы маңында орналасқан  әскери базапозицияларына енуге әрекет жасағаны туралы ақпар таратты.

Қорғаныс ведомствосындағылардың атап көрсетуінше, бұл әрекеттің жолы кесілген. Оқиғаға байланысты орын алған атыс салдарынан 4 әзербайжандық әскери  қызметші қаза тапса, біреуі ауыр жараланып, ол да көп кешікпей көз жұмған. Қақтығыс салдарынан бірнеше армян әскери қызметшісі де жараланғаны мәлім болып отыр. Дәл осыған кереғар ақпаратты бұған дейін армян жағы да таратқан болатын.

МИТИНГТЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МАҚҰЛДАДЫ

Ресей Федерация Кеңесі митингтерде тәр­тіп бұзушылық үшінайыппұлды көп­теген мәрте ұлғайтатын заң жобасын мақұлдадыЗаңжобасын 132 сенатор қолдап дауыс берсебіреуі қар­сылық танытқан,тағы біреуі қалыс қалған.

Жаңа заң бойынша жаппай шаралар өткізу барысында тәртіп бұзушылық үшін жеке тұлғалар 300 мың рубль, ал заңды тұлғалар миллион рубльге дейін айыппұл төлеуі тиіс болады. Мемлекеттік дума мәжілісі  жүріп жатқан кезде және одан кейін Парламент ғима­ратының жанында наразылық акциясы ұйымдас­тырылды. Оның барысында полиция 70 адамды қамауға алды.

ҮКІМЕТТІ БҰРЫНҒЫ МИНИСТР БАСҚАРАДЫ

Сирия президенті Башар Асад кеше елдің премьер-министрілауазымына бұрынғы ауыл шаруашылығы ми­нистрі Рияд ХиджабтытағайындадыМемлекет басшысы осымен бір мезгілде жаңа үкіметжетекшісіне болашақ министрлер кандидатуралары бойынша өзініңұсынысын беруді тапсырды.

Рияд Хиджаб премьер-министр лауазымында Адел Сафарды алмастырды. Ол үкімет басына 2011 жылдың көктемінде, жаппай үкіметке қарсы шерулер басталған кезде келген еді. Президент  жаңа үкімет басшысына минис­трлерді таңдау барысында жақында өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларын басшылыққа алуды жүктеді.

ТІЛ ҚОРҒАУШЫЛАРЫНА ГАЗ ҚОЛДАНЫЛДЫ

Киевте «Бүркіт» арнайы жаса­ғының қызметкерлері қоршауды бұзып өтіп, Жо­­ғарғы Рада ғимаратына өт­пекші болған шерушілерге қарсы көзден жас ағы­затын газ қолданды. Бұл жерде әңгіме тіл саясаты туралы заң жобасына  нара­зылық білдірушілер туралы болып отыр.

5 маусымда аталған заң жобасын Украина парламенті бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Дау-жанжалға себеп болған бұл заң жобасын билеуші Өңірлер партиясының өкілдері С.Кивалов пен В.Колесниченко дайындаған еді. Егер «Мемлекеттік тіл саясатының қағидаттары туралы» заң жобасы қабылданар болса,  Украинада орыс тілінің мәр­тебесі қазіргі 13 өңірден 27 өңірге дейін жоғарылайды.

АМЕРИКАЛЫҚ ГЕНЕРАЛ ҚЫЗМЕТІНЕН АЛЫНДЫ

Пентагонның барлау мәліметтерін жинау үшін  Сол­түстік Кореяға десант түсіргені туралы айтқан америкалық генерал Нил Толли  қызметінен қуылды. Ол АҚШ-тың Оң­түстік Кореядағы арнайы бөлімінің қол­басшысы болатын. Оның орнына генерал Эрик Вендт тағайындалған.

Пентагон КХДР-ге барлау жүргізу үшін десантшылар жібергені туралы ақпарат БАҚ-тарда 28 мамырда пайда болған еді. Бұл жөнінде  Н.Толли 22 мамырда  Флорида шта­тындағы Тампе қаласында өткен баспасөз мәслиха­тында айтып қойса керек. Сол мәслихат барысында Сол­түстік Корея аумағында салынған бірқатар құпия нысандар анықталғаны туралы да әңгіме қозғалыпты.

ҰЛЫ КНЯЗЬДІКТІ ЖАҢҒЫРТУДЫ ҰСЫНДЫ

Литвандардың құрамындағы этнос­тық топ – жемайттар Литва ұлы князь­дігін (ЛҰК) қайта жаңғырту туралы ұсы­ныс білдірген. Мұндай ұсыныс жемай­т­тардың бүкіләлемдік съезінде жасалыпты. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында өзде­рін «ЛҰК кеңесін қайта қалпына келтіру қызметінің көшбасшыларымыз» деген Вайдас Лякстутис, Мильвидас Юшкаускас және Вайдас Жельвис мәлімдеген.

ХVІІІ ғасырдың соңына дейін өмір сүрген мемлекетті нақты қай шекара бойынша қалпына келтіру туралы еш­теңе айтылмайды. Ал нақтылай түсетін болсақ,  Литва­ның ұлы князьдігі қазіргі Белоруссия мен Литваның, сондай-ақ ішінара Украинаның, Ресейдің, Латвияның, Польшаның және Эстонияның аумақтарын қамтыған еді.

Қысқа қайырып айтқанда:

Сириялық бүлікшілер тұңғыш рет генералды өлтірді. Бригада генералыӘнуар әл-Сакка қастандық құрбанына айналды. Осымен бір мезгілде Дейраз-Заур  қаласында тағы екі жоғары шенді офицерлер – полковник АхмадХаттаб пен подполковник Изеддин Свейдан өлтірілген.

Қырғызстан прокуратурасы Американың осы елдегі елшісі МайклМакфолдың ел аумағында АҚШ-тың авиабазасын орналастыру үшінпара ұсынылғаны туралы мәлімдемесін қосымша тексеруді бастады. Прокуратура елшіге ресми сұрау жіберген. Онда дипломаттан осымәселеге байланысты қолында бар ақпаратты ұсыну сұралады.

Осыдан шамалы уақыт бұрын Индонезияда апатқа ұшыраған РесейдіңSukhoi Super Jet 100 ұшағының бортында болып қаза тап­қандардыңотбасыларына Ресей тарапы 140 мың доллардан өтемақы төлейтінболды. Бұл сома Индонезия Өкілдер палата­сының  ұсынысы қапергеалына отырып белгіленді. Ұшақ бортында 45 адам болса, олардың барлығы қаза тапқаны белгілі.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.