Қоғам • 14 Наурыз, 2019

Цифрландыру сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді — балалар дәрігері (видео)

1095 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы «Hұp Отан» партиясының съезінде әлеуметтік саланы дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Медициналық қызметтер сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабаралады. 

Цифрландыру сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді — балалар дәрігері (видео)

Инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру, медицина қызметкерлерінің табысын ұлғайту бойынша қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы Астана қаласындағы бірінші балалар ауруханасының мысалында экслюзивті сұхбатында бас дәрігердің орынбасары Д. Қожекенов айтып берді.

Д. Қожекеновтің айтуынша, 2019 ж. 1 қаңтардан бастап, «қағазсыз аурухана» жобасының аясында №1 қалалық балалар ауруханасы медициналық картаның электронды нұсқасына көшкен. Медициналық құжаттаманың қағаз түріндегі формалары жартылай алынып тасталды. Медициналық карта толығымен электронды нұсқада жүргізіледі. Кешенді медициналық ақпараттық жүйе іске қосылған.

«Емделуші ауруханаға емделуге келген сәтінен бастап барлық құжаттар, тексеру парақтары электронды нұсқада толтырылады. Емделуші біздің аруханаға жатқызылған соң кез келген консультант бұл медициналық картаны электронды түрде толтыра алады. Анализдер, тексерулер нәтижелері де электронды медициналық картада сақталады. Бұл жүйе барлық қалалық емханалар үшін ашық. Демек, электронды ауру сырқатнамасын жасаған соң, ол емделушінің мекенжайына қатысты емханадағы учаскелік дәрігер үшін де қолжетімді болады. Егер емделуші ауру сырқатнамасының көшірмесін жоғалтып алса, немесе ұмытып кетсе, кез келген медициналық ұйымда оны КМАЖ арқылы тауып алуға болады», — деп түсіндірді Д. Қожекенов.

Медициналық құжаттаманы электронды жүргізуді іске қосар алдында, мекеме дәрігерлері де, медбикелері де қажетті оқытудан өтеді.

Бас дәрігердің орынбасары сонымен қатар КМАЖ-дың енгізілуімен дәрігердің жұмысы едәуір жеңілдегенін атап айтты.

«Медицина қызметкеріне қағаз түріндегі жолдамаларды алып зертханаларға, рентген-кабинеттерге т.б. жүгіріп жүрудің қажеті жоқ. Анализдердің қорытындылары, рентген нәтижелері медициналық ақпараттық жүйеде қаралады, бұл емделушіге көбірек көңіл бөліп, сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», — деді Д. Қожекенов.

Сонымен қатар, цирфландырудың арқасында, дәрігерлерге аурудың сырқатнамасын, емделетін дәрілерін қолымен жазудың керегі жоқ, бұл да олардың жұмысын жеңілдетеді.

Д. Қожекеновтің айтуынша, денсаулық саласын цифрландыру көрсетілетін қызметтер сапасын айтарлықтай жақсартты, олардың ашықтығын арттырды және ең бастысы, медициналық қызметтерді көрсету уақытын қысқартты.

Мекемеде және жалпы республикада балалар дәрігеріне, балалар бағытындағы мамандарға деген қажеттілік бар. Дәрігерлер тапшылығын азайту мақсатында бірінші балалар ауруханасында жас мамандарға кеңес беру, еңбекақы мөлшерін ұлғайту және т.б. сияқты жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен жас мамандарды қолдау бағдарламалары қолға алынған. Д. Қожекеновтің айтуынша, биыл әкімдік медицина қызметкерлеріне баспана алуға 1 млн теңгеден қаражат бөлуде. Басты шарты — атында жекеменшік үйі болмауы қажет.  

Сұхбат барысында, бірінші балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызылша ауруын бастапқы сатысында қалай анықтауға болатынын және кімге жүгіну қажеттігін айтып берді. Оның айтуынша, қызылшадан басты қорғаныс — екпе салдырту.  

«Екпе салудың күнтізбесі бар, соған сәйкес балаларға вакцина салу керек. Негізгі клиника – дене температурасының артуы, қабыну, көздің қарығуы, көздің ісінуі, денеге түрлі бөртпелердің шығуы. Егер ата-аналар балаларының бойынан осы белгілерді байқаса, бірден жедел жәрдем мен учаскелік балалар дәрігерін шақыртуы тиіс. Жедел жәрдем келгеннен кейін, дәрігерлер науқастың жағдайын бағалап, клиника мен диагнозына қарай науқасты белгілі бір емдеу мекемесіне жеткізеді», — деп түсіндірді Д. Қожекенов.