Елорда • Кеше

Астанада бесінші қабаттағы адам отырған балкон опырылып түсті

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Патриот Telegram-арнасында Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балконның құлағаны туралы видео пайда болған еді. Оқиғаның мән-жайын қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада бесінші қабаттағы адам отырған балкон опырылып түсті

ТЖМ

Жазбада Астанада көпқабатты үйдің 5-қабатындағы балконның құлағаны атап көрсетілген. Ал балконда тұрған әйел темір торлардан ұстап үлгеріп, аман қалған.

- Оқиға орнына жеткенде құтқарушылар «Жарық» ПИК өкілдерімен бірлесіп, тұрғындар мен өтіп бара жатқандарға ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қауіпті аумақты қоршады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде балкондарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша одан әрі жұмыстың «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй иелері мен ПИК жауапкершілігінде екенін атап өткен жөн. Астана қаласының ТЖД осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сарыарқа ауданының ТЖБ-ға, Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады, - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство халықты тек тексерілген ақпаратқа сенуге және нақты деректерді алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.