Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбек. Комиссияның түркмен бөлігін Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары М.Чакыев басқарды.
Отырыс барысында Қазақстан мен Түрікменстанның үкіметтік делегациялары екі елдің екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, отырыстың күн тәртібі экономика, энергетика, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы және экология салаларын қамтыды.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін кеңейту үшін барынша күш салуға келісті.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 99,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 0,05% - ға төмен (99,6 млн АҚШ долл.). Қазақстаннан Түрікменстанға экспорт 2018 жылы 56,3%-ға өсіп, 86,6 млн АҚШ долл. құрады. 2018 жылы Түркіменстаннан Қазақстанға импорт 70,8%-ға төмендеп, 12,9 млн АҚШ долл. құрады.