Өткен айда ғана 45 жасқа толған мәскеулік маманның есімі қалың көрерменге жақсы таныс. Кезінде АҚШ-та, одан кейін өз елінде жемісті еңбек еткен Этери Тутберидзе Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырына көтерілген бір шоғыр жұлдыздарды тәрбиеледі. Әр жылдары айтулы маманның қол астында жаттыққан Алина Загитова, Александра Трусова, Анна Щербакова, Алена Косторная, Морис Квителашвили, Диана Дэвис, Глеб Смолкин, Камила Валиева және Даниил Самсонов сынды мықтылар ұстаздарына құрмет көрсету үшін 20 сәуірде Краснодарға ат басын бұрып, өз өнерлерін ортаға салады.
Қазақстанның ең үздік мәнерлеп сырғанаушысы, Этери Тутберидзенің аса дарынды шәкірттерінің бірі Элизабет Тұрсынбаева да «Мұздағы чемпиондар» шоуына қатысуға шақырту алды.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»