Таным • 14 Наурыз, 2019

«Атамұра» өлкетану мұражайы ашылды

688 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық мақалаларында отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталатындығын жеріне жеткізе айтқан болатын. Таяуда Ерейментау ауданындағы Еркіншілік орта мектебінде «Атамұра» өлкетану мұражайы ашылды.

Шоқ жұлдыздай шағын ауылдағы сәні мен салтанаты жарасқан білім ордасы мәдени бағытын жаңғыртып, мазмұндық тұрғыдан толықтырып отыр.  Осындағы білім ошағында оқып жатқан 700-ге жуық оқушы туған жер тарихын тереңірек біліп, қадір-қасиетін көкірегіне толайым көшіріп алулары қажет. Дәл осы мақсатты көздеген жарасымды оқиғаның ашылу салтанатына ауыл мен аудан зиялылары түгел жиналды десе де болғандай. Ел жайын екшеген «Атамұра» өлкетану мұражайының ашылу салтанатында ұлт зиялылары тереңнен толғап тамаша пікірлерін жеткізді.  

–Елбасы мақаласы аясында ауданда мұражайларды жандандыру ісі қолға алынып жатыр. Соның жалғасы бір көрінісі осында. Осындай мұражайлар болса келер ұрпақ ұлтының дәстүрімен сусындап өсетініне бек сенімдімін,– дейді аудан әкімінің орынбасары Абай Әлжанов, 

Тарихи құндылық пен рухани қазынаның ортасына айналар мұражай экспонаттарын ауыл тұрғындары өздері жинақтаған. «Атамұра» өлкетану мұражайы ұлттың кешегісі мен бүгінін сабақтастыратын мән-мағынаға толы бірегей ортаға айналмақ.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • 24 Мамыр, 2019

Мергендер Мюнхенде жүр

Спорт • 24 Мамыр, 2019

Мас араны омартаға кіргізбейді

Экология • 24 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар