
Кездесу барысында Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Академия басшысы 2018 жылы жүзеге асырылған жобалар туралы және 2019 жылдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков Халықаралық Түркі академиясының туыс елдердің тарихы мен мәдениетін зерттеудегі ерекше рөлін атап өтті.