Қазақстан • 14 Наурыз, 2019

Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 200-ден астам азамат жұмыспен қамтылды

726 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 200-ден астам азамат жұмыспен қамтылды

Қалалық жұмыспен қамту орталығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау көрсету, оларды жұмысқа орналастыру және қоғамдық өмірге тарту.

«Мүмкіндігі шектеулі адамдар мына сайттан бос жұмыс орындарын көре алады: www.enbek.kz. Сондай-ақ, олар жергілікті еңбек инспекциясы органына өтініш білдіруі қажет.  Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет: ЭЦҚ кілті, жеке куәлік, білімі туралы құжат (диплом), еңбек кітапшасы, мүгедектігі туралы анықтама, жеке оңалту бағдарламасы», – делінген жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жыл басынан орталыққа 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі жаннан өтініш келіп түсті. Оның 174-і қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 30-ы тұрақты жұмысқа орналасты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыспен қамту, оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің әлеуметтік, қоғамдық, бос жұмыс орындарына жіберу, лайықты жұмысты таңдау сынды белсенді қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, олар кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өте алады.