16 Маусым, 2012

Шарайна

243 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сенбі, 16 маусым 2012 7:11

«Мұсылман-бауырлар» ескерту жасады

Египетте «Мұсылман-бауырлар» қозғалысы консти­туциялықсоттың парламенттің заңсыздығы туралы шешіміне байланыстықауіп туындайтынын ескертті.

Айта кету керек, парламентте исламистік партиялар өкілдері көпшілік орынға ие болған еді. Сонымен бірге, бү­кіл құрамын елдің экс-президенті Хосни Мүбарак таға­йындаған сот та Мүбарак үкіметінің бұрынғы премьер-минис­трі Ахмед Шафиктің президенттік сайлауға қаты­суының заңдылығын растады. Шешім екінші турға бірнеше күн ғана қалғанда хабарланып отыр. Онда Шафик «Мұсыл­ман-бауырлар» өкілі Мухаммед Мурсимен бәсекеге түсуі тиіс.

 

Сенбі, 16 маусым 2012 7:11

«Мұсылман-бауырлар» ескерту жасады

Египетте «Мұсылман-бауырлар» қозғалысы консти­туциялықсоттың парламенттің заңсыздығы туралы шешіміне байланыстықауіп туындайтынын ескертті.

Айта кету керек, парламентте исламистік партиялар өкілдері көпшілік орынға ие болған еді. Сонымен бірге, бү­кіл құрамын елдің экс-президенті Хосни Мүбарак таға­йындаған сот та Мүбарак үкіметінің бұрынғы премьер-минис­трі Ахмед Шафиктің президенттік сайлауға қаты­суының заңдылығын растады. Шешім екінші турға бірнеше күн ғана қалғанда хабарланып отыр. Онда Шафик «Мұсыл­ман-бауырлар» өкілі Мухаммед Мурсимен бәсекеге түсуі тиіс.

230 жылға сотталуы мүмкін

Америкалық прокурорлар қаржы пирамидасын құрды деп айыпталғанқар­жыгер Аллен Стэнфорд үшін 250 жылға бас бос­тандығынан айыружазасын сұрап от­ыр.

Бұл айыптау жағы талап ете алатын мүм­кін деген ең үлкен мерзім. Өткен бей­сенбіде Техас штатындағы Хьюстонның фе­дералдық соты бүкіл Америка бойынша салымшыларды 7 миллиардтан ас­там дол­ларға алдап кеткен бұрынғы миллиардер және қаржыгерге үкім шығарды. Наурыз айында Стэнфорд айып­таулардың 13-бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олар­дың қатарында қаржы пирамидасын құру, ірі мөлшердегі алаяқтық және лас ақшаларды кәделеу сияқты қылмыстар бар.

 

Тікұшақ берген жоқпыз деп ақталуда

Батыс мемлекеттері Ресейді Сирияға қатысты не­ғұрлым қатаңырақіс-қимылдарға бару қажеттігіне сен­діруге тырысуда.

Ресей сыртқы саясат ведомствосы Башар режіміне наразы ереуілшілер мен үкіметтік әскерлер арасында жылдан астам уақыттан бері қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Сирияға Мәскеудің соғыс тікұшақтарын жеткізіп бермей­тіндігін тағы да мәлімдеп отыр. Дипломаттар Ресейдің Сирияға бұдан көптеген жылдар бұрын сатылған тікұшақтарға жөндеу жүр­гізгенін айтып ақталуда. Сыртқы істер минис­трлігінің мәлім­деуінше, Сириямен қыз­меттестік қорғаныс қару-жарағын берумен ғана шектелуде.

 

Істі қайта қараудан бас тартты

Ұлыбританияның жоғарғы соты Ас­сандж­­дың ісін қай­та қараудан бастартыпоны экстрадициялау туралы ше­шімді бекітті.

Осыдан екі апта бұрын Британияның ең жоғарғы сот инстанциясы Ассандждың өзін тұтқындау туралы еуропалық ордердің күшінің жүрмейтіндігі туралы қолхатын кері қайтарған болатын. Сот журналиске екі апта уақыт берді. Одан кейін оған қатысты экстрадициялау процесі басталады. Он күн ішінде Ассандж Швецияның құқық қорғау органдарына табыс етілуі тиіс. Дегенмен, айыпталушының адвокаттары осыдан сәл бұрын өздерінің Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымдануға дайын екендіктерін хабарлаған болатын.

 

Сирияда терроршы тұтқындалды

Сирия қауіпсіздік күштері Дамаскіде бомба жармақ болған жанкешті-терроршы Мухаммед Хассам ас-Садакиді тұтқындады.

Мәлім болғанындай «Әл-Каидамен» байланысы бар «Джабхат ан-Насра» тобының мүшесі 15 маусым күні жұма намазы кезінде өзін Ар-Рифаи мешітінің ішінде жарып жібермек болған. Ол Дамаскінің бірқатар мешіттерінде тер­рорлық акт жасауға дайындалып жатқан өзінен басқа да жанкештілердің бар екенін хабарлаған. Осының алдында ғана Сирияның БҰҰ-дағы өкілінің Сириядағы жаппай кісі өлті­рулерге терроршылардың кінәлі екенін айтқанын да еске сала кету қажет.

 

Лаңкестермен күрес Африкаға ауысты

АҚШ-тың «Әл-Каида» террорлық то­­бымен соғысы ендігі жерде жаңа құр­лыққа көшіп отыр.

Бұдан былай Африкада да арнайы операциялар жүргі­зілетін болады. «Вашингтон пост» газеті журналистерінің мәлімет­те­рінше АҚШ Африкада оннан астам шағын авиабазалар жабдықтап, оларда бірнеше ұшатын барлаушы аппараттар орналастырған. Соңғы айлары осындай ұшақтардың көме­гімен жүзеге асыратын «көлеңкелі операциялар» саны көбейе түскен көрінеді. АҚШ-тың Африкадағы шешуші «кө­леңкелі» базасының Буркина-Фасо астанасы – Уагадугу әуе­жайына жақын жерде орналасқаны да белгілі болып отыр.

 

17 жылдан соң қолға түсті

Жапон полициясы осыдан 17 жыл бұ­рын Токио метросында у шашқан «Аум Синрике» діни сектасының ісіне қатыс­ты соңғы күдіктіні тұтқындады.

Қамауға алынған Кацуя Такахаси газ шабуылына тікелей қатысып, ұйымға ұнамайды деп саналған бірнеше адамды өлтірген көрінеді. Такахасидің экстремистік сектаға ол құрылған күнінен бастап мүше болғаны, сонымен бірге, күзет және барлау бөлімінде қызмет атқарғаны белгілі болып отыр. Тергеушілердің болжамы бойынша қылмыскердің 1995 жылы Токио метросында орын алған террорлық актіні ұйым­дас­тыруға тікелей қатысы бар. 

Интернет материалдары негізінде әзірленді.