Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Ж.Э. Вивес-и-Сисильяға Қазақстан Республикасының Президенті НұрсұлтанНазарбаевтың ізгі тілектерін жеткізді. Елші Мемлекет басшысының арқасында Қазақстанда қол жеткізілген басты жетістіктер, Қазақстан-Андорра ынтымақтастығының перспективалық бағыттары, сондай-ақ Андоррадағы Қазақстанның құрметті консулдығын құру жөніндегі жұмыстар туралы баяндап берді.
Сонымен қатар, Урхель архиепископы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлер съезінің жұмысымен танысты. Тараптар конфессияаралық үнқатысуды ілгерілетуге үлкен үлес қосып, жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін форумның рөлі мен маңыздылығын атап өтті.
Сол күні қазақстандық дипломат Андорра Парламентінің Төрағасы Висенк Матеу Заморамен келіссөздер жүргізіп, ағымдағы жылы қыркүйекте Астанада өтетін 4-ші Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің форумына шақыруды тапсырды.
Андорраға сапары барысында Экономика, инновациялық бәсекелестікке қабілеттілік министрі Жильбер Сабойя Суньемен кездесу өтті. Іс-шара аясында туризм саласындағы өзара жемісті іс-қимыл, тиімді ынтымақтастықтың басқа да салалары және іскерлік байланыстарды тиімді ынталандыру үшін қажетті нақты іс-қимылдар талқыланды.