Бокс • 15 Наурыз, 2019

Бокстан ұлттық құрама бапкері Азия чемпионатына дайындық туралы айтып берді

1063 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Финляндияда аяқталған халықаралық турнирді қорытындылап, Азия чемпионатына дайындық кезеңімен бөлісті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Бокстан ұлттық құрама бапкері Азия чемпионатына дайындық туралы айтып берді

 - Хельсинкидегі Gee Bee турнирінен екі күміс, бес қола медальмен оралдық. Бұл сынға бірінші нөмірлі боксшыларды апарған жоқпыз. Екінші, үшінші нөмірлі спортшыларды шыңдап, халықаралық сындарда ысыла түсуіне мүмкіндік жасадық. Әрине, біз күткен нәтижені көрсетпеген боксшылар да жоқ емес. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қойғаным жөн. Дегенмен, жастардың аяқ алысы көңілімнен шықты. 

Бұл турнир жас боксшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Ендігі біздің мақсат – Азия чемпионатына дайындықты үдету. 

Сары құрлық додасына дейін бірнеше халықаралық турнирлер өтеді. Атап айтар болса, Әзірбайжанның Баку қаласында және өзіміздің Оралда жоғары деңгейлі жарыстар ұйымдастырылмақ. Бапкерлер қауымы ақылдаса келе, бұл бәсекелерге бірінші нөмірлі боксшыларды қатыстырмауды жөн санадалық. Олардың негізгі міндеті Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеті. Ал аталған сындарға облыстардан келетін спортшыларды жібереміз. 

Бүгін оқу-жаттығу жиындарының үшінші күні өтуде. Спортшылар тегіс жиналды. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, - дейді бас бапкер.