27 Маусым, 2012

24 cағат

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24 cағат

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 7:18

Сирия басшылығы әскери­лер мен полиция қызмет­кер­леріне бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы бұйрық береді-міс. Мұны бүлікшілерге тұт­­қынға түскен ұлттық әскердің әскери қызметкері мәлімдесе керек. Мұндай мәлімдемелерге сене қою да қиын екенін атап көрсеткен жөн.

Ирактың Хилла қала­сын­­да жасалған лаңкестік салдарынан 12 адам опатболған. Ресми мәлімет бойынша, Ирак­­та үстіміздегі жылдың 13 маусымынан бергі кезеңде лаңкестіктен 171 адам көз жұмған. Бұл мамырайын­да­ғыдан асып түседі.    

 

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 7:18

Сирия басшылығы әскери­лер мен полиция қызмет­кер­леріне бейбіт тұрғындарды өлтіру туралы бұйрық береді-міс. Мұны бүлікшілерге тұт­­қынға түскен ұлттық әскердің әскери қызметкері мәлімдесе керек. Мұндай мәлімдемелерге сене қою да қиын екенін атап көрсеткен жөн.

Ирактың Хилла қала­сын­­да жасалған лаңкестік салдарынан 12 адам опатболған. Ресми мәлімет бойынша, Ирак­­та үстіміздегі жылдың 13 маусымынан бергі кезеңде лаңкестіктен 171 адам көз жұмған. Бұл мамырайын­да­ғыдан асып түседі

Түркия Сирияға электр қуа­тын беруді қысқартуы ықти­­мал. Бұл Сирия аумағында тү­рік ұшағының атып түсірі­луі­мен байланысты. Түркия вице-премьері Бюлент Арынчтың айтуынша, бұл туралы шешім бір-екі күннің ішінде қабыл­данатын болады.

Лондон Олимпиадасына орай Олимпиада қалашығы аумағында әлемдегіең үлкен «Макдональдс» мейрамханасы ашылады. МейрамханаОлимпиада ашылатын 27 шілде мен жабылатын 12 тамыз аралы­ғын­дажұмыс істе­мек. Онда 1,5 мың отыратын орын болады екен.

Өзбекстан ұлттық қауіп­сіз­дік ведомствосының  қызмет­кер­л­ері Ташкенттегі зауыттар­дың бірінде салмағы 1,65 тоннаны құрайтын есірткі заттарын жойды. Есірткінің 99 килограмы героин, 597 килограмы апиын, 240 килограмы марихуана, 302 килограмы гашиш екен. Қалғанын көкнәр мен психотроптық препараттар құрапты.

АҚШ-тың Колорадо шта­тындағы орман өртінің салдарынан 11 мың адам үйле­рін тастап кетуге мәжбүр болған. Өрт Пайк ұлттық орманшылығының аума­ғын­­да 24 маусымда шыққан еді. Тілсіз жау бір тәулікке жетер-жетпес уақытта 1 мың гектардан астам аумақты қамтыған.

Киевтің халықаралық «Борисполь» әуежайында ұзақ уақыт бойы жолаушылардың жүктерін ұрлап келген 3 жүк тасушы мен ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкері ұс­талған. Күдіктілерге қатыс­ты қылмыстық іс қозғалса, оларға қандай шара қолдану қажеттігі туралы мәселе ше­шіліп жатқанға ұқсайды.

Бразилиялық қылмыс­кер­лер өздерінің түрмеде отыру мерзімдерін кітап оқу арқы­лы қысқарта алады. Тиісті заң мемлекеттің ресми газе­тінде жарық көрген. Бұл бағ­дарламаның бейресми атауы – «Кінәні оқу арқылы жуу». Ол Бразилияның 4 феде­рал­дық түрмесінде жүзеге асы­рылмақ. Әр оқылған кітап түрмеде болу уақытын 4 күн­ге қысқартады.

Мексика астанасындағы ха­лықаралық әуежайда екі полиция қызметкері өздерінің қыз­меттестеріне қарата оқ атқан. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан. Жергілікті құқық қор­ғау органдары өкілдерінің сөз­деріне қарағанда, оқ атқан полиция қызметкерлері есірткі мафиясымен байланыста болуы ықтимал.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.