Шарайна
Бейсенбі, 12 шілде 2012 7:40
Сирия жөніндегі қарар жобасы
Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Сирия бойынша қарар жобасынәзірлеп ұсынды. Жоба Сириядағы халықаралық байқаушылардың болумерзімін үш айға ұзартуды қарастырады. Бұл туралы Ресейдің«Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.
Бейсенбі, 12 шілде 2012 7:40
Сирия жөніндегі қарар жобасы
Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне Сирия бойынша қарар жобасынәзірлеп ұсынды. Жоба Сириядағы халықаралық байқаушылардың болумерзімін үш айға ұзартуды қарастырады. Бұл туралы Ресейдің«Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.
Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Александр Панкиннің сөзіне қарағанда, ұсынылған қарардың мәні БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннанның күш-жігеріне қолдау көрсету болып табылады. Жалпы, АҚШ бастаған Батыс елдері Сирия президенті Башар Асадтың президенттіктен кеткенін қаласа, Ресей бұған қарсы ұстанымда.
Президент декретінің күшін жойды
Мысырдың конституциялық соты елдің жаңа тағайындалғанпрезиденті Мохаммед Мурсидің әскерилер билікте тұрған кездетаратқан парламентті жұмысына қайтару туралы декретінің күшінжойды.
Құрамында исламистердің «Мұсылман бауырлар» партиясының өкілдері көп жаңадан сайланған парламент конституциялық сот тарапынан осылайша заңсыз деп табылып отыр. Ол сайлау заң бұзушылықтармен өтті деп есептейді. Сот мұндай шешімді 14 маусымда қабылдаған еді. Бірақ Мурси 8 шілдеде жоғарыдағыдай декретке қол қойған болатын. Конституциялық сот оны заңсыз деп тауып, күшін жойды.
Кеншілер ереуілі ескеріле ме?
Испанияда кеншілер жаппай ереуілге шыққан еді. Олар үкіметтің көмірөндірісі саласын субсидиялауды 63 пайызға қысқарту туралышешіміне осылайша наразылық білдірген болатын. Кеше ереуілшілер400 шақырым жүріп өтіп, Мадридтің бас алаңына атбасын тіреді.
Кеншілерге полиция резеңке оқ атып, райларынан қайтармақшы болған еді. Бірақ оларға қала тұрғындары көмекке келгендіктен, тәртіп сақшылары шегінуге мәжбүр болды. Кеншілер бұрынғы уағдаластықтардың орындалғанын ғана қалайтынын, жаңа талап қоймайтынын мәлімдеуде. Егер субсидиялау қысқарса, 10 мыңдаған кенші жұмыссыз қалмақ.
Корея басшысының бауыры ұсталды
Оңтүстік Корея президенті Ли Мен Бактың ағасы Ли Сан Дыкжемқорлық туралы іс бойынша қамауға алынды. Кеше «Франс-Пресс»агенттігі хабарлағандай, Сеул соты прокуратураның онытұтқындау туралы ұсынысын қанағаттандырған.
76 жастағы Ли Сан Дык елдегі екі ірі банктен оларға қатысты жүргізіліп жатқан тексерулерді тоқтатуға уәде беріп, есесіне пара талап еткен деген күдік бар. Тексеру деректерінше, президенттің бауыры 2007 және 2011 жылдар аралығында кем дегенде 600 миллион вон (525 мың доллар) пара алған. Ал екі банктің жұмысы қаржы жетпегендіктен тоқтатылған.
Бэсескудің импичменті заңды
Румыния парламенті ел президенті Траян Бэсеску қызмет бабын асыра пайдаланды деп шешіп, оған қарсы импичмент жариялағаны белгілі. Енді елде аталған мәселе бойынша референдум өткізілетін болды. Оған сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы келсе, референдум өткізілген болып танылады.
Референдум өткізу туралы шешімді бұрнағы күні Румынияның конституциялық соты қабылдады. Ал көпшілігі Бэсескудің саяси бәсекелестері болып табылатын парламент 6 шілдеде президенттің импичментіне дауыс берген еді. Енді, жоғарыда атап көрсетілгеніндей, елдің конституциялық соты президентке импичменттің заңдылығын қуаттап берді.
Ұзақ жылғы үзіліс үзілді
Кеше Мьянма жеріне (бұрынғы Бирма) 22 жылғы үзілістен кейін алғаш рет АҚШ елшісінің аяғы тиді. АҚШ-тың Мьянмадағы елшісі қызметіне 47 жастағы Дерек Митчелл кірісетін болды. Ол өткен жылдың сәуірінен бері АҚШ президенті Барак Обаманың Мьянмадағы арнайы өкілі болып келген-тін.
Мьянмамен дипломатиялық қатынасын қайта орнату туралы шешімін Вашингтон үстіміздегі жылдың қаңтарында жариялаған еді. Бұл қадам Мьянмада бірқатар саяси реформалар жүргізілуіне орай жасалған болатын. Мәселен, 2011 жылы елді 1962 жылдан бері басқарып келген әскери хунта билікті азаматтық үкіметке өткізіп берген еді.
Қысқа қайырып айтқанда:
Сарапшылар еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың соңына дейін осы көлемде сақталатынын көлденең тартып отыр. Яғни, жұмыссыздық биыл 10,5 пайызды құраса, келесі жылдың соңына қарай 11 пайыз төңірегінде болмақ.
Ливиядан Италия жағалауларына резеңке қайықпен жетпекші болған 54 мигрант шөлден мерт болды. Бір өзі ғана аман қалған Эритреи азаматын Тунистің жағалау күзеті қызметкерлері құтқарып қалыпты. Жыл басынан бергі өлген босқындар саны 170 адамға жетіп отыр.
Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі ел аумағында орналасқан Ресейдің үш әскери базасы үшін жалдық ақыны көтеретін болды. Қорғаныс министрі Таалайбек Омуралиевтің түсіндіруінше, ақының көтерілуі инфляциямен байланысты.
Ресей мен Украина Азов теңізіндегі шекара мен Керч бұғазындағы шекараны Украина шарты бойынша делимитациялау туралы келісімге келді. Тиісті құжатқа бүгін Қырымда Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Виктор Янукович қол қояды деп күтілуде.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.