08 Шілде, 2012

Иран жауапкершілікті АҚШ-қа жүктеді

287 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Иран жауапкершілікті АҚШ-қа жүктеді

Сәрсенбі, 8 тамыз 2012 7:59

Шар Айна

Иран қасиетті орындарға құлшылық етуге барып Сирияда кепілдіккеалынған ирандықтардың тағдыры үшін жауапкершілікті АҚШ-тыңмойнына жүктеп отыр

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Әмір Абдоллахиан Вашингтонға Сириядағы террорлық топтарды қолдайтын және оларға қару-жарақ жіберетін АҚШ Дамаскіде 48 ирандықтың ұрлануына кінәлі деген жолдау жіберген.

Сәрсенбі, 8 тамыз 2012 7:59

Шар Айна

Иран қасиетті орындарға құлшылық етуге барып Сирияда кепілдіккеалынған ирандықтардың тағдыры үшін жауапкершілікті АҚШ-тыңмойнына жүктеп отыр

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Әмір Абдоллахиан Вашингтонға Сириядағы террорлық топтарды қолдайтын және оларға қару-жарақ жіберетін АҚШ Дамаскіде 48 ирандықтың ұрлануына кінәлі деген жолдау жіберген. Аталған топ Сириядағы шииттердің қасиетті орындарына құлшылық етуге барған. Сол жерде оларды Сирия ерікті армиясының содырлары қолға түсірген болатын. Оппозиционерлер кепілдікке алынғандарға иран режімінің шпиондары деген кінә тағып отыр.

БҰҰ бақылаушылары Алепподан шығарылды

Қауіпсіздік жағдайларына байланысты БҰҰ бақылаушы­лары СирияныңАлеппо қаласынан шығарылды.   

Осылайша күні қару-жарақтары жоқ 20 бақылаушы Дамаскідегі штаб-пәтерлеріне қайтып оралған. БҰҰ миссиясы өкілінің айтуынша, бұл шара уақытша сипатқа ие, жағдай қалпына түскеннен кейін бақылаушылар өз жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады. Соңғы бірнеше күнде үкімет әскерлері ереуілшілер бақылауындағы Алеппода өз операцияларын кеңейте түскен болатын. Орын алған қақтығыстар нәтижесінде соңғы екі аптада жүздеген адамның қаза тапқаны да белгілі болып отыр.

Кемеде орын алған атыс

АҚШ-тың Детройт қаласындағы қоғамдық орында тағы да адамдарға оқату оқиғасы орын алды.

Детройт портында «Детройт ханшайымы» кораблінде сапарластарымен арада болған дау-жанжалдан кейін бір әйел адамдарға қарай оқ атқан. Соның салдарынан 4 еркек пен 1 әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккен әйелдердің бірінің корабль экипажының құрамына кіретіні белгілі болып отыр. Өзге адамдар туралы әзірге нақты мәліметтер жоқ. Осы орайда АҚШ-та екі күн ішінде адамдарға қарай оқ атудың екі бірдей оқиғасының тіркеліп отырғанын айта кету қажет.

Мыңдаған мигрант қамауға алынды

Грекия құқық қорғау органдары жүргізген операциялар барысында 1130 заңсыз мигранттар қамауға алынған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ел өкіметі осылайша Балканға өтіп кетуге талпыныс жасап жатқан сириялық босқындарға белгі бермек ниетте. Сонымен бірге Афина заңсыз мигранттардың өтіп кету қаупі бар Түркиямен шекараны күзетуді күшейте түсу жөнінде де шаралар қабылдап отыр. Қазіргі уақытта Грекияның Еуроодаққа заңсыз қоныс аударушылар үшін «қақпаға» айналып отырғанын айта кету керек. Заңсыз  мигранттардың 80 пайыздан астамы осы Балкан елі арқылы өтетін көрінеді.

 Ромни ақша жинаудан озып тұр

АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромнидің сайлауалды қоры шілде айында қазіргі президент Барак Обаманың қорына қарағанда әлдеқайда көп ақша жинаған. 

Шілде айы ішінде Ромнидің сайлауалды қорына 101 миллион доллар түссе, Обама қорына 75 миллион доллар ғана түскен. Осымен республикалық партиядан түскен кандидат Обаманы сайлауалды науқанына жинаған қаржының көлемі бойынша қатарынан 3 ай бойы басып озып келеді. Биылғы сайлауалды науқаны АҚШ тарихындағы ең қымбат науқан болады деп күтілуде.  Ромни қорындағы қаржының 75 пайызын небәрі 6 пайызды құрайтын оның жақтаушылары түсірген көрінеді.

Тағылған айыпты теріске шығарды

Израиль өкіметі 16 полицейдің қаза табуына соқтырған Синай жарты аралындағы террорлық шабуылға қатысты өздеріне тағылған айыпты теріске шығарды.

Бұған дейін «Мұсылман бауырлар» қозғалысы құқық қорғау қызметкерлерінің қаза табуына израильдік МОССАД барлау қызметі кінәлі деп мәлімдеген болатын. Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак Египет өкіметін Синайдағы әскери нысандар қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырды. Өз кезегінде Египет президенті қорқаулық шабуыл жасағандардың жазасыз қалмайтынын мәлімдеп отыр.

Альцгеймер ауруына ем табылмай отыр

Америкалық «Пфайзер» және «Джонсон энд Джонсон» компаниялары Альцгеймер ауруы жағдайында есте сақтау қабілетінің төмендеу зардаптарын жеңілдету үшін препарат ойлап табу жөніндегі жұмысты толық тоқтататынын мәлімдеді.

Олар мұндай қорытындыға өздері жүргізген зерттеулер нәтижесінде келіп отыр. Медицина қызметкерлері науқастарды қатыстыра отырып жүргізген зерттеу барысында өздері жасап шығарған препараттың науқастарға оншалық оң әсер етпейтініне көз жеткізген.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.