Шарайна
Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:31
Ынтымақтастыққа мүдделілік танытты
КХДР-дің қазіргі басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті ВладимирПутинге «қуатты Ресейді құруға бағытталған жауапты ісіне үлкеннәтижелер тілеймін» деген інілік ізгілігін білдіріпті. Мұндай тілекті олСолтүстік Корея тәуелсіздігінің 67 жылдығына орай жеткізген.
Сондай-ақ үндеухатта КХДР мен Ресейдің жапондықтарға қарсы күресі, жоғары деңгейде қол қойылған құжаттардың орындала берері де назардан тыс қалмаған. Осы ретте ресейлік Хасан стансасынан солтүстіккорейлік Раджинге дейінгі темір жол желісі жаңартылатын көрінеді. Бұдан басқа екі ел арасында мұнай-газ саласында да ынтымақтастық жалғасын табары назардан тыс қалмаған.
Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:31
Ынтымақтастыққа мүдделілік танытты
КХДР-дің қазіргі басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті ВладимирПутинге «қуатты Ресейді құруға бағытталған жауапты ісіне үлкеннәтижелер тілеймін» деген інілік ізгілігін білдіріпті. Мұндай тілекті олСолтүстік Корея тәуелсіздігінің 67 жылдығына орай жеткізген.
Сондай-ақ үндеухатта КХДР мен Ресейдің жапондықтарға қарсы күресі, жоғары деңгейде қол қойылған құжаттардың орындала берері де назардан тыс қалмаған. Осы ретте ресейлік Хасан стансасынан солтүстіккорейлік Раджинге дейінгі темір жол желісі жаңартылатын көрінеді. Бұдан басқа екі ел арасында мұнай-газ саласында да ынтымақтастық жалғасын табары назардан тыс қалмаған.
Сот күдіктіні еліне қайтармады
Австралияның жоғарғы соты нацистік қылмыстарға қатысы бар деген 90жастағы Чарльз Зентайды Венгрияға қайтарудан бас тартты. Сот екіншідүниежүзілік соғыс кезінде венгерлік заңнамада «әскери қылмыс» дегентерминнің болмағандығын келтірген.
Кінә тағушы жақтың уәжіне қарағанда, Зентай 1944 жылы Будапеште сары жұлдыз тағудан бас тартқан еврей жасөспірімін атқан. 2009 жылы австралиялық үкімет тарапынан Зентайды еліне қайтару туралы қаулы шыққанымен, оны федералдық сот тоқтатып тастапты. Ал күдікті өзін кінәлі санамайды.
Өлім жазасына кесті
Египетте Синай түбегіндегі полицейлік бөлімге шабуыл жасап, салдарыжеті адамның өліміне алып келген оқиғаға байланысты 14 содырды өлімжазасына кесу туралы Исмаилия қаласының соты шешім шығарды.
Сотталғандардың барлығы да осы елде тыйым салынған «Аль-Тавхид валь Джихад» лаңкестік тобының мүшелері. Негізінен Синай түбегіндегі лаңкестік осындағы шекаралық бекетке жасалған шабуылдан 16 адам өлтірілуінен бастау алған-ды. Сол оқиғада содырлар екі бронды мәшинемен Израиль аумағына бұзып-жарып өтпек болған. Алайда израильдік әскерилер олардың көзін жойған.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресейдің оңтүстік өңірлеріндегі құрғақшылықтан 5,56 миллион гектараумақ күйіп кеткен. Соның салдарынан 7 мыңға тарта шаруашылықүлкен шығынға батқан. Қазір жапа шеккен өңірлер үкіметтенқаржылық көмек сұрауға мәжбүр.
Сирияның Дамашық қаласындағы Dama Rose қонақ үйінің артындаболған жарылысты көтерілісшілер өз мойындарына алды. Бұдан басқажарылыс «Баас» билік партиясының ғимараты мен әскери нысандарорналасқан маңда да іске қосылған-ды. Сол жарылыстарда БашарАсадқа жақын төрт жоғары шенді қаза тапқаны еді.
Ұзақ қашықтыққа қанатты зымырандар жібере алатын «Акула» аттыресейлік атом сүңгуір қайығы бір ай бойы АҚШ-тың жағалауындаболып келгені анықталып отыр. Пентагон өкілдері Мексика бұғазындааталған кемені анықтай алмағандары үшін қатты қобалжулыекендіктерін жеткізіпті. Әлгі суасты кемесі радарларға ұстатпайтынсүңгуір саналады.
Босния мен Герцеговина федерациясының премьер-министрі үнемдеуүшін аз тамақтану керек деген тұрғыда азаматтарға «ақыл» айтқансауда министрі Милорада Бахильюді отставкаға жіберетіндігінмәлімдеді. Премьер өз сөзінде «Тіпті әзілдеп айтқанның өзінде бұлжауапсыз қалмауы тиіс» депті.
Мексикада сегіз адам оққа ұшты
Мексиканың Монтеррей қаласындағы барлардың біріне жасалған қарулы топтың шабуылынан сегіз адам көз жұмған. Шабуылдаушы топ аталған барға үш автокөлікпен келіп, ішке кіре салысымен оқ жаудырыпты. Қаза болғандардың барлығы да аталған мекемеде жұмыс істейтіндер болып шыққан.
Қылмыскерлер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Қазір полиция істің мән-жайын анықтауға кірісіп кеткен. Негізінен Монтеррей «Зетас» және «Гольфо» картелдерінің қақтығысатын орны ретінде де белгілі. Мұнда қалада ықпал жүргізу үшін 2010 жылдан бастап топтар арасында орын алған қақтығыстан кейін тыныштық орнамаған көрінеді.
Депутат тұтқыннан босатылды
Күрд сепаратистері осыдан үш күн бұрын ұрланған Түркия парламентінің депутаты Хусейн Айгунды босатты. Бұл орайда Түркия билігі мен күрд содырлары арасында келісім жасалғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ, тек депутаттың аман-есен екендігі айтылады.
Күрд жұмысшы партиясының сепаратистері Түркия республикалық халықтық партиясының депутаты Айгунды 12 тамызда Кунсели қаласы маңынан ұрлап әкетіпті. Оның қасында кеңесшісі және бір журналист болған.
Мұсылмандармен келісім жасады
Германияның Гамбург қаласы мэриясы мен мұсылман және алавит қауымдастықтары арасында өзара қатынас туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа қаланың бургомистрі Олаф Шольц және екінші жақтан Ислам қауымдастығының кеңесі, Түрік мұсылмандар одағы, Исламдық мәдени орталықтарының ассоциациясы және жергілікті алавиттердің басшылары қол қойыпты.
Он бір парақтан тұратын бұл келісім мұсылмандарға діни рәсімдерін орындауға, мектеп бағдарламаларына дінді оқытуда өзгерістер енгізуге және де мерекелерін өткізуге мүмкіндік береді. Есесіне мұсылман қауымдастығының өкілдері «конституциялық тәртіптің негізгі құндылықтарын» сақтауға келісіп отыр. Бұған дейін мұндай келісімдер христиандар және иудашылармен де жасалған.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.