Иранға ультиматум қоймайды
Сәрсенбі, 12 қыркүйек 2012 7:37
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өз елінің Иранғаешқандай ультиматум қоймайтынын жария етті. АҚШ дипломатиясыныңбасшысы Иранға «қызыл сызық» орнату туралы талап қойған Израильпремьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдемесіне осылайшажауап берді.
Сәрсенбі, 12 қыркүйек 2012 7:37
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өз елінің Иранғаешқандай ультиматум қоймайтынын жария етті. АҚШ дипломатиясыныңбасшысы Иранға «қызыл сызық» орнату туралы талап қойған Израильпремьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдемесіне осылайшажауап берді.
«Қызыл сызық» орнату деген сөз Теһранға қатысты соғыс ашу дегенді білдіреді. «Біз ешқандай «қызыл сызық» пен соңғы мерзім белгілемейміз. Келіссөз үстеліне отырып, түсіністікке қол жеткізу қазіргі таңдағы ең ұтымды тактика болмақ», деп мәлімдеді Х.Клинтон. Осының алдында Израиль премьері АҚШ пен Израиль бірлесіп Иранға талап қою үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлаған еді.
ІЖӨ-лерінде құлдырау бар
Еуроаймақтың екі ірі экономикасы кеше ІЖӨ-лері қысқарғаны туралыжариялады. Мәселен, Франция экономикасы, жергілікті Орталық банктіңхабарлауынша, үшінші тоқсанда 0,1 пайызға қысқаруы тиіс.
Егер Орталық банктің болжамы шындыққа айналатын болса, Францияның экономикасындағы тежелу соңғы үш жылдағы алғашқысы болады. Франция президенті Франсуа Олланд қазіргі кезде үкіметтің 2013 жылы ІЖӨ-нің төмендеуін болжанған 1,2 пайыздың орнына 0,8 пайызға дейін азайту бойынша жұмыс жүргізуде екенін атап өтті. Италияда да ІЖӨ 0,8 пайызға қысқарып отыр.
Ирактағы терактілер сериясы
Жексенбі күні кешкісін Ирактың астанасы Бағдад қаласында бірнешежарылыс жасалды. Қаланың шииттер қоныстанған аудандарындағылаңкестіктен кем дегенде 118 адам қаза тапты. 102 адам түрлі дене жарақатын алса, барлығы 400-ден астам адам зардап шеккен.
Шаһарда жарылғыштар қойылған 5 мәшиненің күлі көкке ұшты. Бір бомба базарда жарылған. Мұның алдында Ирак соты елдің бұрынғы вице-президенті Тарик әл-Хашемиге тағылған 150 айыптау ісінің алғашқысын қараған болатын. Ол екі өлімге соқтырған қастандық ұйымдастырды деп айыпталып, өлім жазасына кесілген еді. Әл-Хашеми қазір шетелде бас сауғалап жүр.
Ұшақсыз қалды
Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни өзінің сайлауалды турнесі шеңберінде пайдаланып жүрген арнайы ұшақтың техникалық ақауына байланысты Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласы әуежайынан ұшып шыға алмады.
Ромниге, сондай-ақ оның сайлауалды штабы қызметкерлері мен журналистерге кандидат-республикашыл тұратын Массачусетс штатына қайта оралу үшін басқа ұшақ жалдауға тура келді. Фюзеляжі Ромнидің сайлауалды науқаны ұранымен безендірілген MD-83 ұшағы жұртшылыққа 31 тамызда, яғни Ромни ресми түрде кандидат болған күннің ертеңіне таныстырылған еді.
Ұсталса, дарға асылады
Ирак соты елден қашып кеткен вице-президент Тарик әл-Хашимиді дарға асу арқылы өлім жазасына кесті. Ол мұндай жазаға адамдар өліміне соқтырған қастандықтар ұйымдастырғаны үшін кесіліп отыр. Бұл жөнінде сот өкіліне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады.
«Франс-Пресс» агенттігі өзінің тілшісіне сүйене отырып анықтап өткеніндей, әл-Хашеми адвокатты және бригада генералын өлтіргені үшін айыпты деп танылған. Мамыр айында басталған сот вице-президентке тағылған 150 істі қарап шығуы тиіс. Өлім жазасына, әл-Хашемиден басқа, оның хатшысы болған күйеу баласы Ахмет Кахтан да кесіліп отыр. Ал әл-Хашемиді тұтқындауға ордер өткен жылдың желтоқсан айында берілген-тін.
Тәуелсіздігін сенбіліктермен атайды
Түркіменстанда тәуелсіздіктің кезекті жылдығы жақындап келеді. Осыған орай елде сенбіліктер сериясын өткізу туралы шешім қабылданған. Мұндай шешім үкімет мәжілісінде алынған. Бұл идеяны билеуші Демократиялық партия саяси кеңесінің бірінші хатшысы Касымкули Бабаев ұсынса керек.
Демократиялық партия Түркімен КСР-і коммунистік партиясы негізінде құрылғанын еске сала кетейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Демократиялық партияның көш басына республика президенті (Түркімения КП ОК-нің бұрынғы бірінші хатшысы) Сапармұрат Ниязов келген еді. Ол өлген соң партияға жетекшілікті жаңа президент Гурбангулы Бердымухамедов қолына алған-тын. Ал елдегі сенбіліктер қазан айының соңына дейін жалғаспақ. Елдің тәуелсіздік күні – 27 қазан.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.