Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Н.Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Н.Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың достық пен сенімге негізделген бауырлас елдердің стратегиялық қарым-қатынастарын дамыту ісіндегі тарихи рөлін жоғары бағалады.

Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасыға зор денсаулық тілеп, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметінің табысты болуына ниеттестік білдірді.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.