20 Наурыз, 2019

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

898 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында ғарышқа апарылған долана тұқымы алдағы уақытта салыаатын «Ғарыш» саябағында және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бас корпусының аумағына егілетін болады.

Қарағандыда ғарышта болған долана тұқымы отырғызылады

–  Тұқымдар 2018 жылдың 2 сәуірінде ғарышқа ұшқан SpaceX Dragon кемесінің бортында болды. 2018 жылдың 4 сәуірінде олар Халықаралық ғарыш стансасына жеткізілді. Сонан соң 5 мамырда жерге қайта оралды. Менде тұқымдардың 20 миллион шақырымнан астам сапар шегіп қайтқанын растайтын үш тілде жазылған хат бар. Тұқымдарды осында жеткізгенімізге өте қуаныштымын. Сәл кешіксек те, Қарағандыдағы егу науқанына үлгердік, – дейді аэроғарыш инженері, Ресейдегі NASA ұйымының өкілі Чед Роу.

Долананың өсуін ҚарМУ-дың студенттері мен оқытушылары бақылайтын болады. Жалпы, аталған университеттің жоспарында NASA ұйымымен ынтымақтастықты жалғастыру және өсімдіктерге ғарыштық сәулеленудің әсерін егжей-тегжейлі зерттеуді әрі қарай жалғастыру бар.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше