Аймақтар • 20 Наурыз, 2019

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

1149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесі біріктіріліп, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл болып өзгертілді.

Қарағандыда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл пайда болды

Бұл туралы шешімді Қарағанды қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясында депутаттар бірауыздан қабылдады. Дәл осы күні облыстық мәслихаттың да кезектен тыс сессиясы өтіп, депутаттар әріптестерінің бұл шешімін бірауыздан қолдады.

– Біз, қарағандылықтар, Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы білеміз және оның еңбек жолын Қарағанды жерінде бастағанын мақтан етеміз. Нұрсұлтан Назарбаев – өте кішіпейіл адам, Президент кезінде есімін ұлықтауға жол бермеді. Ал қазір Елбасына құрмет көрсетер кез келді.  Оның есімімен Қарағандыдағы даңғылды атау – өте орынды және ақылға қонымды шешім деп есептеймін, – деді Елбасының серіктесі Николай Дрижд.

Айта кететін бір жайт, жаңа атауға ие болған даңғылдың бойында Елбасы жоғары білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық унрверситеті орналасқан.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды