Қысқы спорт • 20 Наурыз, 2019

Элизабет Тұрсынбаева үшінші орында

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қысқа бағдарламасын қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева үшінші орынмен қорытындылады. 

Элизабет Тұрсынбаева үшінші орында

Күн шығыс елінде керемет өнер көрсеткен қазақ қызы 75,96 ұпай жиып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл бәсекеде Олимпиада және Еуропа чемпионы, ресейлік Алина Загитованың бағы жанды. 82,08 ұпайға иелік еткен ол қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша көш бастады. Екінші орында – былтырғы жылғы Төрт құрлық жарысының жеңімпазы Каори Сакамото. Жапон қызының олжалаған ұпайы –76,86.

Қысқа бағдарлама бойынша мына мәнерлеп сырғанаушылар үздік ондықтың қатарынан көрінді:

1. Алина Загитова (Ресей) – 82,08.
2. Каори Сакамото (Жапония) – 76,86.
3. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) – 75,96.
4. Евгения Медведева (Ресей) – 74,23.
5. Ын Су Лим (Оңтүстік Корея) – 72,91.
6. Мэрайя Белл (АҚШ) –71,26.
7. Рика Кихира (Жапония) – 70,90.
8. Сатоко Мияхара (Жапония) – 70,60.
9. Софья Самодурова (Ресей) – 70,42.
10. Брэди Теннелл (АҚШ) — 69,50.

Ертең еркін бағдарлама бойынша бәсекелер өтіп, соның нәтижесі бойынша жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады. Біз осы жарыста Элизабет Тұрсынбаеваға сәттілік тілейміз. Алға, қазақтың аруы!

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

«Egemen Qazaqstan»