Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

854 реткөрсетілді

Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы «Георгиевка орта мектебі» 5-11 сыныптарының ұзын саны 400 оқушысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында білім ордасы ауласында «Қара жорға» биін биледі.

«Биыл Наурыз мерекесін осылай ерекше атап өтуді жөн көрдік. Мектепте өткен мерекелік шараны «Қара жорға» биімен аштық. Сонымен қатар арулар сайысын өткіздік. Оқушылардың ата-аналары, мұғалімдеріміз әсіресе «Қара жорға» биін ерекше ықыласпен қабылдады»,- дейді мектеп оқушыларының биіне жетекшілік еткен, осы білім ордасының мұғалімі Мәдина Жұмағали.

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда екі зауыт салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:03

Ұқсас жаңалықтар