Аймақтар • 21 Наурыз, 2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

1508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбенің басты даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.


Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев көшесі деп атауға байланысты облыстық мәслихатта кезектен тыс сессия өтті.

«Бүгін біз тарихи оқиға - есте қалатын мәслихат сессиясында отырмыз. 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды шешім қабылдап, өкілеттілігін тоқтатты. Ақтөбеліктер Елбасының әр ісін үлгі етіп, пікір білдіріп жатыр. Қала әкімдігінде ономастикалық комиссия бар. Бүгін көптеген ұсынысты қарады. Қалалық ардагерлер кеңесі, жастар арасында ұсыныстар болды. Ұсыныс бойынша заң аясында бұрылысы 30 градустан бастап дербес көше берілетіні ескерілді. Соған сәйкес Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова даңғылынан Бөкенбай батыр көшесіне дейінгі аумағын Нұрсұлтан Назарбаев көшесі деп атау ұсынысына қалалық сессияда оң шешім берілді», - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.