Бұған дейін Тәуелсіздік атауын иеленген көрікті көшенің жалпы ұзындығы 6,8 шақырым болса, кеңдігі 16-18 метр шамасында. Қаланың шығыс қапасынан басталып, орталық алаңына әкелетін бұл көше бойында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші, белгілі қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер ораласқан.
Сондай-ақ, көше қапталында бес демалыс сквері, оның ішінде еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған кешен, 1 орталық алаң, 1 орталық саябақ, 1 аквапарк және 1 жоғары оқу орны, 5 колледж, 2 жалпы орта білім беретін мектеп, Алматы облысы әкімдігінің ғимараты, 2 ірі мемлекеттік мекеменің әкімшілік ғимараттары, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы, Ілияс Жансүгіровтың әдеби мұражайы, 1 балалар емханасы, стратегиялық маңызы жоғары нысан болып табылатын обаға қарсы станса, 2 балабақша, 5 ірі сауда орны, мейрамханалар қоныстанған.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы