Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

1275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін алғашқы жүлделердің иегерлері белгілі болды.

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

Жұптық бәсекеде Қытай спортшылары Суй Вэньцзин мен Хань Цунге тең келер ешкім табылмады. 155,60 ұпай жиған Аспанасты елінің өкілдері алтын тұғырға көтерілді. Күміс медальді Евгения Тарасова мен Владимир Морозов иеленді. Ресейлік жұп 147,26 ұпайды қоржынға салды. Үздік үштіктің франциялық Ванесса Джеймс пен Морган Сипре қорытындылады. Олар 146,52 ұпайды еншіледі.

Санаулы сағаттардан кейін әйелдер арасында жекелеген сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады. Естеріңізге сала кетейік, қысқа бағдарламада Қазақстанның үміті Элизабет Тұрсынбаева 75,96 ұпай жиып, үшінші орынды иеленген болатын. Бірінші және екінші сатыға ресейлік Алина Загитова (82,08 ұпай) мен Каори Сакамото (76,86 ұпай) жайғасты. Қазір еркін бағдарлама бойынша бәсекелер өтеді. Сол жарыста біз қазақ қызы Элизабетке сәттілік тілейміз! 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»