Жарыстың алғашқы күні қоржынымызға алты жүлде түсті. Атап айтсақ, 67 кило және 97 кило салмақ дәрежелерінде күш сынасқан Нұрбек Қызыров пен Олжас Сырлыбай барлық қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді. 60 кило және 82 кило салмақтарда өнер көрсеткен Дастан Зарлыханов пен Қуанышбек Досжанов ақтық сынға дейін алқынбай жеткендерімен, шешуші тұста есе жіберіп, күміс медальді мойындарына ілді. 77 кило және 130 кило салмақтарда белдескен Каһарман Қисметов пен Саркис Пшеничников қола жүлделерді иеленді.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»