Шарайна
Жұма, 5 қазан 2012 6:55
Түріктердің ашуы қатты
4 қазанға қараған түні түрік артиллериясы Сирия үкіметі әскерлерініңшептеріне соққы беруін жалғастырған. Сириялық құқық қорғаушыларжаңа атқылау салдарынан жергілікті әскери қызметшілер қаза тапқанынжария етті. Алайда, опат болғандардың нақты саны белгісіз.
Жұма, 5 қазан 2012 6:55
Түріктердің ашуы қатты
4 қазанға қараған түні түрік артиллериясы Сирия үкіметі әскерлерініңшептеріне соққы беруін жалғастырған. Сириялық құқық қорғаушыларжаңа атқылау салдарынан жергілікті әскери қызметшілер қаза тапқанынжария етті. Алайда, опат болғандардың нақты саны белгісіз.
Түнгі атқылау түрік артиллерияшыларының соңғы тәуліктегі екінші операциясы болып табылады. Қазанның 3-і күні кешкісін алғаш соққы жасалған еді. Шекара маңында орналасқан Акчакала қаласының 5 бейбіт тұрғыны көз жұмды деген мәлімет бар. Түркия үкіметі болса, ел парламентіне шекарадан тыс жерде қару қолдануға рұқсат сұрап қайырылды.
Обама 5-6 пайыз алда келеді
АҚШ-та президенттіктен үміткерлер – қазіргі мемлекет басшысы, демократБарак Обама мен республикашыл Митт Ромнидің арасында сайлауалдытеледебат өтті. Кейбір дерек көздері сұрау салынғандардың 67 пайызыөз дауыстарын Ромниге берсе, Обама одан айтарлықтай аз дауысалғанын айтып отыр.
Респонденттердің 61 пайызы Обама кездесуде күткендегіден нашар сөйледі десе, 82 пайызы Ромни өзін күткендегіден жақсы көрсетті деген пікірде көрінеді. Дебатқа байланысты өткен телефон арқылы сұрау салуларға 430 респондент қатысқан. Дей тұрғанмен, Обама өзінің қарсыласынан әлі де болса 5-6 пайыз алда келеді екен.
Еуропа ұсынымын қабылдамады
Ресей Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының қарарындакөрсетілген ұсынымдамаларды орындамайды. Мұндай мәлімдемені Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жасады. Қарарда көрсетілген ұсынымдамалар мүлдем орынсыз, сондықтан оған құлақ аспайтын боламыз, деп атап көрсетті ол.
ЕКПА дайындаған құжатта Михаил Ходорковскийге қатысты үкім сынға алынған болатын. Яғни, сот шешімдеріне бұрынғысынша саяси қысым көрсетіліп отырғаны айтылған екен. Бұған қоса, еуропалықтар соңғы айларда Ресей заңнамалары қатаңдатыла түскеніне назар аударыпты. Осыған орай, ЕКПА Ресейге бірқатар ақыл-кеңес айтса керек.
Ресей жансыздары жария етілді
Америкалықтар Мәскеуге Ресейдің пайдасына жұмыс істеген 13 шпионның ұсталғаны туралы хабарлаған. Ұсталғандардың көпшілігі бұрынғы КСРО-дан шыққандар екен. Араларында америкалықтар да бар көрінеді. Бұл жөнінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жария етті.
Біз не болғанын анықтауға ұмтылудамыз. Қамауға алынғандардың ішінде шын мәнінде Ресей азаматтары бар-жоғын да білу маңызды, дейді оқиғаға байланысты С.Лавров. Күдіктілер Ресейге заңсыз түрде әскери технологиялар экспортын жүзеге асырған сыңайлы. 2002 жылдан қазіргі кезге дейінгі аралықтағы экспортталған өнімнің жалпы сомасы шамамен 50 млн. долларды құрайды екен.
Жұмыс орнында ішімдік ішкен
Латвия Сеймінің (парламент) мандат, этика және мәлімдеме бойынша комиссиясы «Келісім орталығы» оппозициялық партиясынан депутат Николай Кабановқа қатысты этикалық кодексті бұзу туралы іс бойынша мәселе көтерді. Депутаттың әріптестерінің сендіруінше, ол комитет отырысына мас болып қатысқан.
Н.Кабановқа қатысты тергеу «Бәрі де Латвия үшін!» блогының депутаттары түсірген шағым негізінде басталған. Олардың сөздеріне қарағанда, Кабанов, қызып алғандықтан, комиссияның толыққанды жұмысына кедергі келтірсе, оның іс-әрекеті депутат образына қарама-қайшы шыққан. Комиссияның келесі отырысында депутаттың этикасына байланысты мәселе қаралмақшы екен. Кабановтың өзі болса, тағылған барлық айыпты жоққа шығарып отырған көрінеді.
Билік оңайлықпен келмейді
Бішкекте оппозициялық «Ата Жұрт» партиясының серкесі, қырғыз парламентінің депутаты Қамшыбек Ташиев қамауға алынған. Ол 48 сағатқа оқшаулағышқа қамалып, билікті күштеп басып алмақшы болды деген күдік келтірілген.
Қ.Ташиев 3 қазан күні ұйымдастырылған митингтен кейін тұтқындалса керек. Оппозиция ұйымдастырған акцияға қатысушылар қырғыз парламентінің ғимаратына баса-көктеп кіруге әрекет жасаған. Жиналғандар қоршаудан өтіп, ғимаратты күзететін милиционерлерге тас лақтырған. Қорытындысында арнайы жасақ митингке қатысушыларды қуып таратқан. Зардап шеккендер де бар делініп отыр.
Қысқа қайырып айтқанда:
Жақында Ханты-Мансидегі «Инвест-ойл» компаниясының зауытында өрт болғаны мәлім. Тілсіз жаудан көз жұмғандар саны бүгінде 9 адамға жетіп отыр. Оқиғаға орай, аталған компанияның бас директоры Алексей Карташев қамауға алыныпты.
Ресей президенті жанындағы ұлтаралық қарым-қатынас жөніндегі жұмыс тобы ұлтаралық келісім стратегиясын жасады. Аталған кеңес үстіміздегі жылдың маусымында Ресей президенті В.Путиннің жарлығымен құрылған-тын. Кеңесті президенттің өзі басқарады.
2011 жылдың 24 қаңтарында болған «Домодедово» әуежайындағы лаңкестік салдарынан зардап шеккен Илья Белов моральдық зиянының өтемақысы ретінде әуежай әкімшілігінен 5 млн. рубль талап етті. Оның айтуынша, әуежайға кіреберісте оны ешкім тексермек түгілі, тіпті тоқтатпапты да.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.