Салт атты адам шекаралық Аспара өзенінен өтіп, Мемлекеттік шекараның сымтемір қорғанын кесіп, бергі бетке өте бастаған кезде келіп қалған шекара нарядын көріп кері қарай жалт бұрылады. Көрінбейтін сымтемірлі кедергіге шырматылып қалған ол атын тастай салып, көрші елдің аумағына кіріп үлгерді. Атты қолға түсірген қазақстандық шекарашылар көршілес мемлекеттің шекарашыларын болған жағдай туралы құлақтандырған.
Қорғаста медициналық заттар контрабандасымен 25 жастағы қазақстандықты ұстады. Ұсталған азамат Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан өзімен бірге 4 қорап хирургиялық жіп мен ине, 1 қорап анализ жинауға арналған вакутейнерлер ала кірмек болыпты. Контрабандалық жүктің жалпы салмағы - 28 кг.