Қазақстан • 23 Наурыз, 2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте шекарада заңсыз зат тасымалдауға тырысқан бірнеше адам ұсталды. 

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

«Оңтүстік» өңірлік басқармасының аумағындағы «Б.Қонысбаев-авто» бөлімшесінде Өзбекстаннан Қакзақстанға қарай 1000 дана әйелдер сөмкесін енгізбек болған ресейлікті ұстады. 

Осы «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Б. Қонысбаев-авто», «Жетісай-авто», «Атамекен-авто», «Айша-бибі» бөлімшелерінде 400 литрге жуық жанар-жағармай өнімдері мен 42 тонна тұрмыстық пеш отынын, 21 тонна «Бензонол БИ-92» өнімін елден заңсыз алып шығуға тосқауыл болды. Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде 200 кг шайды, 38 тонна тепловоздың қосалқы бөлшектерін, «Әлімбет-авто» бөлімшесінде 20 000 кг фасоль, көк бұршақ, күріш, кептірілген қара өрік өнімдерін Ресейге заңсыз алып шықпақшы болған төрт қазақстандықты ұстады.

Қордайда жалпы көлемі 30 литрға жуық заңсыз алкоголь өнімдерін елге кіргізбеді. 500 кг қымбат бағалы мұздалған балықтарды елден шығармай алып қалды. «Мерке» тексеріп-өткізу пункітінде көрші елден 10 тоннаға жуық үйрек төсін алып кірмек болған қазақстандықты ұстады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше